Салауатты өмір салтының негіздері
Автор: eldoka0047 • Сентябрь 27, 2018 • Эссе • 633 Слов (3 Страниц) • 2,019 Просмотры
Нұрланұлы Елдар ИТФ БТ-801
Салауатты өмір салтының негіздері
Қазақстан егеменді ел болып құрылғанына 25жылдан астам уақыт болды. Бұл жылдарда ғылымның барлық салаларында көптеген заңдар мен заңдылықтар, жарғылар,жолдаулар және бағдарламалар қарастырылды. Жылдан жылға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп алда тұрған кез келген мәселені шешуге ұмтылыс стратегиялы түрде жүзеге асып отырды. Осы ұмтылыста Елбасының Қазақстан-2050 Стратегиясында “Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс”-деген жолдауы бар. Президентіміздің басшлығымен қойылған бұл ұстанымдар мемлекет көмегімен жүзеге асуда. Әрине, денсаулықты сақтау бұл біздің халық үшін маңызды. Себебі, халық денсаулығы-ұлт денсаулығы. Бірақ, ұлт денсаулығын сақтауда тек бір мемлекеттің күші жетпесі анық. Сол орайда, әрбір адам денсаулықты сақтауды өзінен бастағаны дұрыс.
Көне замаңдардан-ақ белгілі, денсаулықты сақтаудың кепілі - салауатты өмір салты. Дұрыс тамақтану, санитария мен тазалық - тәнді сау ұстаудың басты ережелері. Медицина атасы Ибн Сина: “Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам ешбір емді қажет етпейді”,-деп өсиет қалдырды. Дана халқымыз: “Дені саудың - жаны сау”, “Басты байлық-денсаулық”, “Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі”- деп тегінен айтпаса керек. Бірақ, осыларды біле тұра, құлақ асатынымыздары шамалы. Есірткі, темекі, алкогольді сусындар сияқты заттарға қол созамыз. Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек халық арасында ВИЧ, СПИД сияқты жұқпалы аурулармен ауратындар саны жыл артып келеді. Салауатты болашақты ойлайтын болсақ, өсіп келе жатқан ұрпақтың дененің саулығы, көңілінің сергек, осы бастан жат әдеттерден аулақ болып өсу үшін қолда бар мүмкіндікті пайдалана білуіміз қажет.
Елбасының әрбір жолдауында халықтың денсаулығына үлкен мән беретіндігін байқауға болады. Өйткені, қандайда бір мемлекет болмасын оның ең басты байлығы - дені сау ұрпақ екені баршамызға белгілі. Сөзіміздің дәлелі ретінде Елбасының “Қазақстан-2030” Мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы: “Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағыттылған”,- делінген. Ұрпағымыздың дені сау болып өсуі үшін оларды жастайынан спорт үйірмелеріне берген абзал. Себебі, баланың қазірден денсаулығын қадағалау, ертеңгі оның өміріне алаңдамау. Және де бала денесін шынықтырумен үнемі айналысу оқушы жастардың бос жүрмеу проблемасын шешудің, жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді жолы.
...