Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үмбетей жыраудың толғауларындағы көркем әдебиет

Автор:   •  Декабрь 27, 2021  •  Эссе  •  640 Слов (3 Страниц)  •  401 Просмотры

Страница 1 из 3

"Үмбетей жыраудың толғауларындағы көркем әдебиет"

 «Өткен адам болады көзден таса, өлді, өшті болады көзден таса, ол кетсе де белгісі жоғалмайды, керектісін ескеріп ұмытпаса», – деп Абайдың дәстүрін жалғастырушы,ұлы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы тілге тиек еткендей, аққан жұлдыз бен жүйткіген жүйріктей зымырап жатқан уақытта, бәленбай ғасыр бұрын өлсе де осы уақытқа дейін тірі жүргендей аты аталып,"...Менің атым Үмбетей,Танығанға кім демей,Жүрек соғып тұрғанда,Жыр нөсерін құйғанда,Отырым неге үндемей..." ,- деп  жырлаған жырау Үмбетей Тілеуұлы (1706-1178жж) Ақмола облысында, Орталық Қазақстанда дүниеге келген.Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.

 Жыраудың философиялық-дидактикалық сарындағы толғау-жырлары сақталмаған.Біздің түсінігімізде Үмбетей бейнесі,Бөгенбай батырдың есімімен байланысты.Жыраудың даңқын шығарған да осы Үмбетей жыраудың  Бөгембай батырға қатысты екі ұзақ жыры бар: біріншісі,"Бөгенбайды жоқтау","Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту".

Қанжығалы Бөгенбай батырдың аты кімге болмасын,жақсы таныс.Ол-жоңғарға қарсы күрестің қаһарманы,әулетті батыр,атақты қолбасы,еліне еткен қызметі арқасында жұрт сүйіктісіне айналған,қазақ халқының ардагер ұлдарының бірі.

   Дәстүр- көркемдік тәжербиені сақтап,жаңартудың,құралы,жарасымды келісім тудырудың бірегей өлшемі.

Жалпы алғанда,көркем шығарманың бірнеше қабаты, жүйесі бар.Олар:1) образды-эстетикалық, 2) идеялық-мағыналық, 3) этикалық-философиялық.Сондықтан да осынау деңгейлер арқылы көркемдік дәстүрдің іздерін анықтауға болады.Бұл орайда ақын-жыраулар замандар мен ғасырлар бойы,халқының рухани қорегі,нәрі, ләззаты болған небір таңғажайып ертегілер,батырлық жырлар,дастандардың даналық мәйегіне ие мақал-мәтелдер,бата сөздер мен жұмбақтар,жоқтау мен магиялық-мифтік сипаты бөлекше дуа оқу,байлау жырлар,шешендік толғаулардың бесігінде тербеліп өсті.Сол себепті олар халық ауыз әдебиетінің шығармашылықпен нақыл,ділмәр сөздер,бейнелі суретті тізбек, халық поэзиясының жекелеген жанрлық түрлерін түрлендіре байытты.Шығарманың шырайын келтіретін,ажарын түрлендіретін құбылыстардың бірі-халықтың этикалық дәрежесі, адамгершілік-морольдық қағидаларының жүйесі.У.Б Далгат: " Этикалық-эстетикалық сарындар ұлттық мінез бен психологияны қалыптастыру үшін және шығарманың көркемдік құрылымы үшін белсенді түрде әсер етеді."- деген тұжырым айтады.

Бұл ретте қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының бірсыпырасы,атап айтқанда,естірту,көңіл айту,жоқтау,т.с.с.

Үмбетей жыраудың "Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту"жырының көркемдік кестесі, ақынның сөз қолданысы өзгешелеу.Жырау Абылай хан алдында жолданып,буырқанып,тепсініп,төндіріп сөйлей: Ей, Абылай, Абылай,

Сөзімді тыңда тағыда-ай!

Өзіңнен біраз жасы үлкен,

Дөмпеш таудай басы үлкен,

Жасында болған сырласың,

Үлкенде болсын құрдасың.

Сексеннен аса бергенде,

Қайырылмас  қаза келгенде,

Қайырылмас қаза келгенде,

Батырдың өлді Бөгенбай!- деп тоқетерін айтады.Осыдан соң Үмбетей жырау Абылай ханға "Көзіңнің жасын тия көр,жақсылық бата қыла гөр",- деп басу айтып,ақ батасын жаудырады:

Тағы да талай бақ берсін,

Балаңа алтын тақ берсін,

Бөгембайдай мал мен бас берсін!

Бөгембай сынды батырдың

Береке берсін артына-ай.

Сабыр берсін халқына-ай.

Жасағанға ие жар болып,

Бейіште нұры шалқығай!

Қос шумақтың ішіндегі "бақ берсін","береке берсін","Сабыр берсін","өлшеусіз мал мен бас берсін","Жасаған ие" сияқты көркем тіркестер,теңеулер және поэзиялық мағынасы зор лексикалар естіртудің көркемдік табиғатын көріктендіре түскен.

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (116.8 Kb)   docx (130.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club