Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қонаев- ұлттың Ары мен Намысы

Автор:   •  Февраль 26, 2025  •  Творческая работа  •  1,132 Слов (5 Страниц)  •  111 Просмотры

Страница 1 из 5

                            ҰЛЫНЫҢ ҰЛАҒАТЫ

     Тайпакова Светлана Максутовна

    Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ЖОББМ

Қонаев- ұлттың Ары мен Намысы!

Қонаев – ұлттың рухы мен Иманы!

Қонаев – қазақтың Қанағат мектебі, Адалдықтың өлшемі» деген екен Темірше Сарыбайұлы.«Көрнекті адам өз елінің не бағына, не сорына туады» деген ескі мақал бар.Алатаудай заңғар тұлға, ұлы қайраткер, кемеңгер ғалым Алаш тарихынан алатын орны ерекше, елдің сый-құрметіне бөленіп, ұлттық тұлғаға айналған қазақ перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімі мәңгілік халықтың жүрегінде.

   Белгілі қоғам қайраткері, ұлы тұлға Димаш ата «қара сөздің қаймағы еді». Бойында ақындық қасиет болған. Студент шағында өлең шығарған. Шешендігі Төле би мен Бөлтірік шешеннің «сөз киесін» көз алдыңа келтіреді. Өзінің естелік кітабында ел ішінде анда-санда айтылатын мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді орынды жерінде қолданып отырған ,өз көрген-білгені мен көкірегіне түйген ойларын қысқа да нұсқа етіп, кейінгі ұрпаққа өсиет еткендей ақылды сөздер де қалдырған. Ол өзінің даналық сөздеріне адамилық пен парасаттылықты, әділеттілік пен патриоттылықты, сыйластық пен мейірімділікті арқау етті. Қонаев атамыздың қайсыбір нақыл сөздерін, әңгімелерін оқи қалсақ, тұнған тәрбие мен өнегеге кезігеміз.  Жалпы, Дінмұхамед Қонаевтың даналық сөздерін бірнеше топқа бөліп қарастыруымызға болады. Ең бірінші, елдің бірлігі, татулығы турасында айтқан нақыл сөздері: «Еліме айтарым: Біріншіден, үрейден аулақ болайық. Сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес жұмыла көтерейік. Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе ие бол. Үшіншіден , өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!»[2, 35 б.]. Мұнда кемеңгер басшы ұлт руханиятын, оның гүлденіп өсуі үшін бірлік қажет екенін баса назар қойып айтады. Екінші топқа, «Иман жиям десең, пиғылыңды таза ұста» демекші ,имандылық, әдептілік, адамгершілікке байланысты айтқан сөздерін жатқызамыз. Жібі түзу, жаны таза адам кез келген жағдайда, қандай қызметте істемесін қашан да ар-ожданын биік ұстап қалады. Ақиқаттан аттап кету – арға сын. Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жол да осы [2,36 б.].

Билік басында жүрген жандарға сабақ болатындай өз өмір тәжірибесінен түйген ойлары аз емес. Мысалы, «Билік оңай, билік айту қиын», «Аты жүpіп тұрған кісінің айбыны биік болады», «Тәуелсіздіктің жүгі ауыр», «Танауын көтерген-тасқа соғылар», «Халық тәжірибесі- барша білімнің қайнар көзі», «Орынды сын ойлантпай қоймайды», т.б.«Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым, қайтып ашар есігімді қатты жапппадым.Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім» - деген екен.

Келер ұрпаққа «қанға сіңгенді, қасиететтемесең, қадірің болмайды» дей отырып, алдымен қанмен берілген тектілігіңді қасиетте, шыңдап адамгершілігіңнен айнымауға шақыра отырып, бір істі бастамас бұрын жеті рет өлшеп, бір кесудің үлгісін «сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттамамен» дәл сипаттайды. Бұның өзі маңызды шешімді қабылдамас бұрын «ақырын жүріп, анық басудың» маңыздылығын Абайша үлгіде жеткізудің өзі даналықтың бір белгісі болмақ. Жастарға «Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» керектігін тереңнен жеткізіп қана қоймай, «Сыпайлық кішіліктен ғана емес, кісіліктен де туады» деп әрқашанда «ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалды ұмытпай, ел басқарушыға керек қасиеттердің бір екенлігін танытады. Сонымен бірге адамды жазалаудың ең ауыры жұмыссыздықпен сынау керектігін, «жастық шақ қанаттарын жайып салу үшін емес, ұшу, жұмыс істеу, жұмыс істеу, жұмыс істеу үшін берілгендігін» құр босқа уақыт өткізбей, білім, ғылым жолына түсіп, алған білімді еліне, халқына адал қызмет жолында пайдаланауға шақырады. Байқағанымыздай ұлы саясаткердің нақыл сөздері көбіне-көп ұрпаққа тәлімі мен тәрбиесі, халқына адал қызмет етіп тер төгу мағынасында айтылып, ел арасында кеңінен таралғандығына көзімізді жеткіземіз

...

Скачать:   txt (14.2 Kb)   pdf (77.4 Kb)   docx (12.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club