Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қатысушының аты-жөні: Салауат Іңкәрім Мұхитқызы

Автор:   •  Январь 10, 2018  •  Реферат  •  1,490 Слов (6 Страниц)  •  1,250 Просмотры

Страница 1 из 6

«КҮЙШІ» ПОЭМАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫНДАҒЫ КҮЙЛЕРДІҢ КӨРКЕМДІК РӨЛІ

Салауат Іңкәрім Мұхитқызы

inkarim1997@mail.ru

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология факультеті «5В020500» - Филология:қазақ тілі студенті

Астана, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – Ф.ғ.д., профессор Үсен Айгүл Әбдімүтәліпқызы

Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған Ілияс Жансүгіровпен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген «Әнші» өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы «Күйші» мен «Құлагер» сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Ақынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.

Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі – өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты.

Ақын 1934 жылы өзінің әйгілі поэмасы «Күйшіні» жазады. Поэма Арқадан ауып Жетісуға келген хан Кененің ордасынан басталады. Абылайдың арыстан жүректі немересін ардақ тұтып, сыйлаған халық Жетісудың ығайы мен сығайы оның құрметіне ту бие сойып, ұлан-асыр той жасап, ас беруде. Поэманың қаһарманы Сарыүйсін руынан шыққан салт атты, қолында қамшысы бар жігіт сондай той думанның біріне тап болады. Сол думанда жиналған хан мен қараны тамсандырған жері былай суреттеледі:

Аңқытып ақ орданың бір жағында.
Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп,
Құмар қып тартқан күйдің ырғағына.
Буынсыз он саусағы күй қағуға

Көңіліне тыңдағанның от жағуға.
Бал тамған бармағынан домбырашы
Жан терге түсіп отыр мынау дуда.

Ал оны тыңдаған жұрт:

Жып-жым-жырт, тыңдағандар тіл кескендей,
Құрыштап құлақгарын үн кескендей,
Сылдырлап кейде қамыс, кейде бұлақ,
Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей

Оның тартқан алуан түрлі күйлері біресе жүректі шымырлатып, біресе шымшиды. Жалпы поэмада  «Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сарыөзен», «Бозінген», «Ақ көбек», «Ақсақ құлан», «Қос келіншек», «Жау жорығы», «Қалмақ қыз», «Арша мерген», «Қара көбек», «Бала көбек», «Желмая», «Тәттімбет», «Кенже қара», «Тойтан салған», «Атылған аққу», «Күйген», «Суға кеткен», «Нар идірген», «Ой, бауырым!», «Азат» күйлерінің аты аталады. Осылардың әрқайсысы әртүрлі суреттеліп, поэманың әрі қарай қарқынды дамуына септігін тигізеді.

Ең алдымен, «Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сарыөзен», «Бозінген» күйлері Алатау, Алтай, Арқа, Қыр, Сырға сапар шеккізіп, ел тарихын еске түсіреді. Бұларды автор:

Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды
Аралап, қоныс таппай күй зарланды.
Алатау күй тыңдады ауылдай боп,
Тас балқып толқып жатты бауырдай боп.
Аңқылдап алтын күрек домбырадан
Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп.
Қағылды кейде бір күй дабылдай боп,
Бұрқырап кетгі түтеп дауылдай боп- деп суретті сөзге көшіреді.

Адам түгіл, жан-жануар, өлі, тірі табиғатты манауратқан Күйшіні ханның қарындасы Қарашаш ағасынан сұрап алады.  Күйші өзінің нендей пәлеге ұшырағанын аңғара алмай,  ханшаның соңынан кете барады. Құлағында хан Кененің:

Қаласа, қалағанын алсын, алсын!
Үйсіннің ерулігі болар бізге!
Бергенім басы бүтін байлап басын!-

деген мұздай сөзі.

Ә дегенде Қарашашқа тұтқын, құл болдым деп есеңгіреп қалған Күйші біртіндеп есін жиып, үй ішінің көріністеріне көзін салады. Небір асыл жақұтпен сәндеген ханша отауының гүл-гүл жайнаған ішкі жасауы Күйші сезімін арбап, көңілін сергітеді. Алғашында айдаһардай әсер еткен ханша енді:

Қара қас, қылаң қабақ, керқұба қыз,
Қара шаш, алма сағақ, құралай көз.
Сырықгай ордадағы сымдай бойы,
Тал шыбық, қыпша белдің өзі нағыз.
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,
Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз.
Қымыздай балға ашытқан тәтті қыз

...

Скачать:   txt (20.1 Kb)   pdf (109.7 Kb)   docx (22.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club