Қазақтың наным-сенім сөздері
Автор: lida_astana.78 • Декабрь 1, 2022 • Курсовая работа • 6,850 Слов (28 Страниц) • 357 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚТЫҢ НАНЫМ-СЕНІМ СӨЗДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ...............................................................................................................5
1.1 Қазақтың наным-сенім сөздерінің зерттелуі...................................................5
1.2 Қазақ халқының діни наным-сенімдері...........................................................9
2 ҚАЗАҚТЫҢ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР................................................................................................15
2.1 Қазіргі қазақ тіліндегі наным-сенім сөздердің ерекшелігі..........................15
2.2 Наным-сенімдердегі ұлттық құндылықтардың көрінісі..............................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................28
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі наным-сенім сөздердің болмысы туралы тың деректер ашылып, қазақ тілінің қолданысындағы орны мен маңызы зерделенеді.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Тарихтың толқынында сан-қилы өзгерістерге ұшырап келген түркі дүниетанымы, қазіргі кездегі қазақтармен қоса бүкіл түркі халықтарының рухани және мәдени негізі болып табылатыны анық. Ұлттық наным-сенімдер халықтың рухани мәдениетіне жататын ерекше құбылыстар. Осы орайда зерттеліп отырған жұмысымызға «Қазақтың наным-сенімдерінің ұлттық құндылықтары» тақырыбы таңдалып алынды.
Наным-сенім – дүниеге көзқарастың құрамдас бөлігі. Философия және психология тарихында наным теориясының үш түрі кездеседі: көбінесе сезім ретінде қарастырылатын эмоциялық наным (Юм, Джеймс, тағы басқа); интеллектінің феномені ретінде түсіндірілетін интеллектуалдық наным (Дж. Ст. Миль, Брентано, Гегель, тағы басқа); ерік атрибуты деп танылатын жігерлі наным. (Декарт,Фихте, тағы басқа).
Наным-сенім нысандары – табиғи және әлеуметтік өмір шындығының фактілері, құбылыстары мен даму үрдістері субъектіге сезімдік жағынан берілмеген және мүмкіндік түрінде ғана көрініс табады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Наным-сенім – дүниені, өмірді, адамдар қарым-қатынасын танып-талдап және ой елегінен өткізіп, игеруден туатын тұжырым-түйін. Наным-сенімсіз дүниеге көзқарас жүрекке жетпеген, санаға сіңбеген, көңілге қонбаған абстрактылы түсінік болып қалады. Наным-сенімге айналған білім-түсінік адамды ешқашан немқұрайды қалдырмай, іс-қимылға бастайды, адамның тұлғалық ұстанымына айналады. Сондай-ақ оған ие болған адамды өзгертіп, көзін ашады, бойындағы қабілеттерді оятып, жігерлендіреді, өмірдегі келеңсіз құбылыстарға қарсы тұрғызады. Наным-сенім адамға сыртқы күшпен, үгіт-насихатпен таңылмайды. Оған адам ойланып, толғанып өз еркімен жетеді. Адам өз нанымынан оп-оңай бас тартпайды, керісінше, оны табандылықпен қорғайды.
Қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінде қазақ халқының наным-сенімдерінің жиі кездесетінін білеміз. Қазақ халқының қанына сіңген наным-сенім сөздерден ұлттың болымысы мен дүниетенымы айқын көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасқан дүниетанымын дәріптейтін наным-сенімдер ұлттық құндылықтарымызға айналған. Алайда осы мәселенің ғылыми тақырып ретінде зерттелуінде олқылықтар аз емес. Міне осы жағдайлар зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақтың наным-сенімдеріндегі ұлттық құндылызтарды зерделеу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
– қазақтың наным-сенім сөздерінің зерттелуін қарастыру;
қазақ халқының діни наным-сенімдерінің болмысын талдау;
– қазіргі қазақ тіліндегі наным-сенім сөздердің ерекшелігін анықтау;
наным-сенімдердегі ұлттық құндылықтарды зерделеу;
Зерттеу нысаны: қазақтың наным-сенімдері.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне байланысты сипаттау, жүйелеу, салыстыру, жинақтап қорыту сияқты дәстүрлі әдіс-тәсілдерден басқа компоненттік талдау, кешенді талдау әдістері, тілдік бірліктерді зерттеу амалдары мен принциптері басшылыққа алынды.
...