Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романыңдағы синонимдер мен антонимдердің қолданылу ерекшеліктері

Автор:   •  Декабрь 15, 2019  •  Реферат  •  775 Слов (4 Страниц)  •  789 Просмотры

Страница 1 из 4

Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романыңдағы  синонимдер мен антонимдердің қолданылу ерекшеліктері.

      Тілдің көркем шығарманы әрлендіріп-нәрлендіретін көркемдегін тәсілдері түрлі-түрлі. Солардың қатарына синонимдер мен антонимдер сияқты лексикалық құралдар жатады. Белгілі бір ұғымды жан-жақты толықтырып айтуда, сол ғана мағыналық нәзік айырмашылықтарды қаматып, оралымды етіп, жеткізуде синоним сөздерінің мәні зор.

       Тіл байлығының көрсеткіші болып табылатын синонимдерді жете білудің мәні зор. Лексикалық синоним сөздерге бай адамның жазғаны да, сөйлегені де құлпырып, түрленіп тұрады. Синоним сөздердің көркем шығарма тілінде атқарар қызметі сан алуан.

      Ғабит Мүсірепов тілінде жиі байқалатын құбылыс – синонимдердің қайталануы. Ондай жағдайда синоним сөздер өзара қосарланып, не біріңғай қатнаста айтылады. Синонимдерді қайталау – автор тілін әрлендірудің тұрақты тәсілі. Сөздердің мағнасы мен әсерін күшейтіп, көркемдік жасау тәсілі. Мысалы: «Бірақ Көпейдің жүзіне осы үйдің қайғы – мұны тез шыға келеді» «Бұл бір қалжың тәлкекті танымайтын, алыс-жақынды білмейтін, өзінен өзгенің қайғы-қуанышында жұмысы жоқ, тас-бауыр, мейірімсіз өмір еді » «Кеше түс ауа жұбын жазбай шұбалып құлаған сәнді көш бүгін, міне, күн көтеріле бергенде кешегі ізімен кейін қарай шұбап кетті. Үзік-үзік болып, берекесізденіп, сәнсіз ажарсыз кетіп барады».

Келтірілген мысалдарда бір жағдайда синонимдер жинақтық ұғым, бейнелік мағнасын бере тіркессе, (қайғы-мұн, қалжың-тәлкек) енді бір жағдайда дәл керек мағналылық қырды белгіні дәлдеу, күшейту үшін қайталанады.

      Сондай-ақ синонимдердің қайталанулары сөйлеу бөлшегіне ырғақты тұтастық, интонациялық екпін, сазды әуен береді:

«Кежімдеп ерттелген сұлу күрең төбел бестіні жылыстыра аяндатып, сылаң қақтырып, Назы-кеш алда кетіп барады». Автор баяндауындағы синонимдік қайталаулардың енді бір тобы - күшент- пелі синонимдік тіркес. Мұнда сөздер анықтауыш - анықталушы ретінде не өзара тең дәрежеде қатар айтылады. Мысалы:

«Жұман ауылынан андыздай жөнелген шап- қыншыларды Омар өз көзімен көрген, осының болмай қалмасын ерте болжағандай, Игілік те тас түйін әзір отыр» «Үлкен үйге кірген соң, бәрі де кішірейіп кеткендей, отырғанда қумандай ғана болып қалысты».

Синоним сөздерді таңдап-талғап, ең қажеттісін керекті жерінде қолдану -шын қалам шеберлеріне тән іс. Оның өзі синонимдердің мағыналылық қырларын орынды пайдалану болып табылады. Мысалы:

«Игілік мырс етіп қалды. Қазақ байлары мұндайын долбармен ұғысар еді». «Өзінен гөрі өзгенің күнәсіне шұқшия қарайтын бір кәрі әдет бойынша Рязанов өзінің айну-толқуларынан болған кедергінің бәрін былай қойып, Поповқа шабуылдап кетті».

Синонимдер кейіпкер сөзінде де келіп, оның мінезін даралап, айқындаушы қызмет атқарады:

«…Таңертең тұрсам, қашан кеткенін білмеймін, байғүс қонағым зым-зия…» «Дәл қазір жай мазақтау түгіл, бетіне түкіріп берсе де мейлі, Сандыбайға малын алу ғана керек еді. Оның ойы осы ғана болып:

- Жарайды, олай болса… Қаракөктің үйіріне де қызығуым әлей еді, бірақ мен қара айғырдың үйірін алайын…».

Бұлар - сөйлеу тіліне тән сөздік қолданыстар. Синоним сөздерді таңдап алуда автор олардың дыбыстық, ырғақтық жақтарына да көңіл бөледі.

...

Скачать:   txt (10.5 Kb)   pdf (79.2 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club