Ыбырай Алтынсарин
Автор: Rfyfnr8zy • Февраль 10, 2021 • Эссе • 408 Слов (2 Страниц) • 2,984 Просмотры
ЭССЕ
«Ыбырай Алтынсарин»
Ыбырай Алтынсарин Қазақстан тарихына көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда, бірақ кейбір деректерде Ыбырайдың туған күні 2 қарашада деп жазылған. Қостанай облысының қазіргі Затобол ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасы Балғожаның қолында тәрбиеленді. Шын аты Ибраһим. Ыбырай білім саласына еңбегін сіңірген тұлға, оның бірден-бір мақсаты қазақ жастарының, өскелен ұрпақты қараңғылықтан алып шығу еді. Ыбырай атамыздың көптеген тәрбие берерліктей еңбектері өте көп. Үлкен - кішіміздің қай-қайсымыз болмасын балаларды білім алуға, ғылым үйренуге, талаптанып оқуға шақырған Ұлы ұстаз Ыбырайдың:
«Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,- деген өлеңін жатқа білеміз.
Міне, бұл өлеңнен ақынның қазақ балаларының бойына білім нәрін сіңірту жолындағы ынта- жігерін анық байқауға болады. Ұстаздың қай шығармасын алсақ та, мысалы: «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Асан мен Үсен», «Мақта қыз бен Мысық»- сынды туындылары жас ұрпақты мейірімділікке, ізеттілікке, білімділік сияқты және адами қасиеттерге шақырады. Бүгінгі таңда да бұл туындылар өз мәнін жоғалтқан жоқ. Әлі күнге дейін өзіннің ерекше бір мәнімен, өскелен ұрпақты тәрбиелеп келе жатыр десем қателеспимін. Мысалы, «Мақта қыз бен Мысық» шығармасының мағынасын аша кетсем, бұл шығарма бізді жалқау болмауға, еріншек болмауға, еңбек қорлыққа, өтірік айтпауға және ақылды болуға тәрбиелиді. Иә, атамыздың өмір жолдарына үңілсек, осындай еңбекқорлығын, өз халқына адал, нағыз ұлтжанды адамның бейнесін көреміз және бізді, яғни өскелен ұрпақты ол кісінің керемет шығармалары дәл осы қасиеттерге тәрбиелеуге шақырады. Бұл оның ұлтына жанашырлығы. Ол-жай ғана ағартушы емес, халқын сүйетін нағыз ұлтжанды күрескер деуге тұрарлық аяулы жан. Ұйқыға кеткен қазақ даласын, қазақ жастарының білім алуына жол ашқан Ыбырай Алтынсарин нағыз «Ұлтжанды және Ұлы ұстаз» деген атқа лайық деп ойлаймын. Бүгінгі таңда ақынның ұлы арманы толығымен орындалды десек, қателесейміз, өйткені Ыбырай ашқан алғашқы мектепте небәрі 14 оқушы оқыса, қазір жыл сайын оның мектебіне мыңдаған оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Жас ұрпақ яғни біз сәні мен сәулеті, білімі де қалыспаған келіскен мектепте білім алудамыз. Ұлы ұстаз білімнің алғашқы қоңырауын, алғашқы шамшырағын жаққан, сол шамшырақтың арқасында біздің білім деңгейміміз керемет дәрежеге жетіп отыр, десем қателеспеймін. Мен Болат Әлинұр, қазіргі таңда Қостанай облысы, Арқалық қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия мектебнде оқимын. Біздің гимназияда Ыбырай атамыздың мұражайы бар. Ол мұражайда Ыбырай атамыздың мүсіні жәнеде тағыда басқа ескерькішьері бар. Қаламызда тек гимназия емес, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы жоғары оқу орыны, яғни педагогикалық институт бар. Ол жоғары оқу орнында да, мұражай менен Ыбырай Алтынсариннің мүсіні бар. Ыбырай атамыздың аты ешқашан өлмейді, ғасырлар бойы мәңгі жадымызда қалады.
...