Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шу батыр

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Реферат  •  1,438 Слов (6 Страниц)  •  894 Просмотры

Страница 1 из 6

Аса даңқты түрік билеушісі,есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшысы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені мәлім.Ал сақтар-қазіргі Орта Азия ,Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін біздің жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі

"Шу" дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты (әдеби талдау)

«Шу» батыр дастанында алдымен оқи болып отырған осы өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзенен бойында қалың болып өскен құрақ-қамыстар суреттеледі. Байырғы Баласағұн шаһарының маңында жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады. Содайақ дастанда биік биік тау штқалдары мен кең жазық дала ойнақ салып жүгірген сансыз көп арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар көрініс тапқан. (К.Әкішеш, Г.Қошаев «Іле қзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті»).

Шу батыр – еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек легімен қысы жазы жүзіп жүреді екен. Ал. Шу батыр осы киелі құстардың қимыл әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі екен. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. Ескендірдің әскері Ходжанд өзенінен өтті деген хабар келгенде ғана Шу батыр оған қарсы өзінің қырық нөкерін жұмсайды.

Талай қанды шайқастарды басынан өткізіп, күллі әлемді жаулап алған Ескендір жау жағынан майданға тек қырық жігіт шығарғанын көріп, мұнда бір сыр бар екенін аңғарады. Сонда жиһангер птшаның ақылгөй қарты: «Шу батыр халықты көп қырғысы келмей тұр. Мықты болсаң осы қырық батырмен шайқасып көр! Егер сен жеңсең, біз онда соғыспай ақ бас иеміз» деген ойды меңзеп айтып тұр дейді. Намысы қозған Ескендір патша да Шу батырдың қырық батырына қарсы өзінің ең таңдаулы деген қырық нөкерін шығарады.

«Шу» дастанында тау бөктеріндегі кең жазира жазықта қым қиғаш қанды майдан, шайқас басталып кетеді. Шайқас алдында жекпе жекке шыққан Ескендірдің бір сарбазын Шу батырдың бір нөкері қас қағымда қақ белінен қылышпен шауып тастайды. Сонда әлгі өлген батырдың кесіліп кеткен былғары белбеуінен бір уыс алтын жерге төгіліп қалады да, оған әлгі нөкердің қаны шашырап кетеді. Сонда Шудың нөкерлері: «Алтыны қан болды!» деп қайта қайта айғай салады. Содан сол соғыс болған жер «Алтынқан» деп аталып кетіпті. Ал Ескендір патша өзінің ең таңдаулы қырық нөкерінің жеңілгенін мойындап, Шу батырмен бейбіт келісім жасасыпты. Тіпті екеуі достасып, Шу батыр өз елін, халқын қырғын соңыстан аман алып қалыпты.

Дастанда Шу батырдың «алуан түсті жібек әшекей әлемшікке малынып», төбесі көкке тілдесіп тұрған көгілдір шатыры бейнеленген. Бұл көк орданың айналысындғы саф алтынмен апталған биік діңгектер ұшына іліп қойылған әшекейлі құмыралар ішіндегі хош иісті май қараңғы түсісімен лаулап жанып, айналаны жап жарық етіп тұр. Алайда бізге көк сарай туралы ұзақ жырдың қысқа қысқа үзік жолдары ғана келіп жеткен. Соның өзінен ақ түріктердің арғы ата бабасы саналатын сақтар мен ғұндардың Көк Тәңірісіне табынып, көк бөріні тотем деп ұққаны, көк түсті киелі санағаны, көк түсті байрақтарын желбіреткені тарихтан жақсы мәлім.

...

Скачать:   txt (20.2 Kb)   pdf (145.2 Kb)   docx (288 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club