Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Латын әліпбиіне көшу мәселесіндегі тарихи талдау

Автор:   •  Октябрь 24, 2018  •  Реферат  •  5,170 Слов (21 Страниц)  •  1,204 Просмотры

Страница 1 из 21

Кіріспе:

Тақырыптың өзіліктігі: Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бастап көтеріліп келеді. Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру ел тарихындағы тағы бір маңызды бастамалардың бірі ретінде болашаққа жасалатын батыл қадам, ғылыми маңызы бар шара. Жазу – барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді жалғастырушы, байланыстырушы құндылықтардың бірі. Кез келген халықтың ғасырлар тоғысында жеткен жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылатыны белгілі. Осы орайда, бұл өзекті мәселе таза қазақ әліпбиін жасауға негізделіп отыр.

Ұлттық саясаттың басты мақсаты, мемлекетіміздің қоғам алдына қойған негізгі талабы – рухани тазару, рухани жаңғыру, рухани кемелдену. Алайда осы кемелдену неден туындап отырғанын ескергеніміз жөн. Толық тілдік жүйенің қалыптасуы қазақ халқының тамырын кеңге жайған қазақ тілінің бүгінгі серпілісіне не түрткі болды? Латын әліпбиіне көшу туралы мәселенің туу қайнаркөзі қандай? «Латын алфавитіне көшу мәселесі: сұраныс пен шешу жолдары» тақырыпта сөз қозғамақтан бұрын мәселенің төркінін қарастыру шарт. Ал, бұл мәселенің шешу жолы әрине латын әліпбиіне көшу мәдени құбылысы болмақ. Ал, латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңыздылығы бүгінгі күні бұл мәселені қарастырудағы негізгі өзегі болып табылады. Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Бұл арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады. Екіншіден, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына, компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне шығуға бірден бір тиімді жол болмақ. Латын графикасын жақсы меңгерген өзге мемлекет тұрғындарының тәуелсіз еліміздің тыныс-тіршілігі туралы баспасөзден еркін оқып-танысуына зор мүмкіндік туады. Бұған қоса, қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Айталық, бүгінгідей ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған заманда ғаламтор жүйесі, электрондық жүйелерге үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек.

Мақсаты мен міндеті: Латын алфавитіне көшудің жаһандық әлемде және ұлттық жаңғыру жолындағы сұранысын жан-жақты сараптай отырып, ұлттық құндылық пен ұлт мүддесі жолындағы қызметін қайыра бағамдау мақсатында мынадай міндеттерді алға қойдық:

  • Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңыздылығын сараптау;
  • Латын әліпбиіне көші туралы мәселелердің бүгінгі жағдайын салыстыру;
  • Латын әліпбиіне көшу мәселесінің шешу жолдарын жан-жақты қарастыру;
  • Қазақ жазу тарихына шолу жасау арқылы, латын әліпбиін «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында талдау;
  • Объективті тұрғыда болу үшін, кемшіліктері мен ұтымдылығын қайыра бағамдау.

Қорытынды: Қорытынды бөлімде жалпы мәселелер мен латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен тиімділігін саралай келе, тарихи контексте бағамдау. Бүгінгі күні ұлт муддесі жолындағы мәдени серпілістің шешу жолының механизмі мен үрдістерін нақтылау.

Негізгі бөлім

2.1. Латын әліпбиіне көшу мәселесіндегі тарихи талдау

Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бастап көтеріліп келеді. Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру ел тарихындағы тағы бір маңызды бастамалардың бірі ретінде болашаққа жасалатын батыл қадам, ғылыми маңызы бар шара. Жазу – барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді жалғастырушы, байланыстырушы құндылықтардың бірі. Кез келген халықтың ғасырлар тоғысында жеткен жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылатыны белгілі. Осы орайда, бұл өзекті мәселе таза қазақ әліпбиін жасауға негізделіп отыр. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылса, 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізілді. 1940 жылдан бастап біз кирилл әліпбиін қолданып келеміз. Шындығы керек, бұл аралықта қазақ халқының мүддесі көзделген жоқ. Бұл алыстан ойластырылған халықты өз тарихи жадынан айырудың амал-тәсілдерінің бірі болатын. Осы орайда тарихи серпілі және рухани жаңғыру үшін латын әліпбиіне көшу ұлт мұраты жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ. Латын әрібінің алғашқы нұсқасын жасаушылардың бірі Халел Досмұхамедұлы болған. Ол бастапқыда латын әрібіне қарсы болғандығын: «Нәзір айтқандай, менің латын әрпін алуға қарсы екенім рас. Бірақ латынға қарсы екенімді біле тұра маған латын әріптерінің жобасын жасау тапсырған соң, сол жобаны жасағаным рас. Одан кейінгі «Қазақ тіліне латын әрібін алу мәселесі» деген мақаласында: «Түркі халықтарына араб харіфтерін тастап, латын харіфін алу керек деген сөз көптен бар. Әзербайжандар латын харіфтерін қабылдады, жаһұттар да солай қылды. 1922 жылғы съезінде өзбектер де өз тілін латын харіфтерімен көшті. Профессор Поливанов үлгі жасады» - деген болатын. [1] Бұдан шығатын түйін, ХХ ғасырдың 20-жылдарының басында-ақ латын әліпбиіне көшу мәселесі кең қойылған да, сол онжылдықтың соңына қарай, шешім қабылданған. Осы тұста латын әліпбиіне көшу бұл тек тәуелсіздік кезеңінде ғана көтеріліп отырған жоқ. Бұған қоса, еліміздегі ең көне мәдени ошақтардың бірі саналатын Абай атындағы әмбебап кітапханасында көп жерде сақталмаған, ең құнды деген жәдігерлердің біразы тұр. 1930 жылдардың басы мен орта шенінде латын графикасында жарық көрген «Социалды шығыс» (1932 - 1935), «Социалистік майдан» (1939), «Екпінді Алтай» (1939), «Түрксіб» (1937) газеттерін, «Әдебиет майданы» (1940) журналдарын кітапхана қорынан кездестіре аласыз. Сирек қорда 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиінде жарық көрген 200-ден аса кітап сақталыпты. Партиялық әдебиет, марксизм, ленинизм тақырыптарынан бастап тіл білімі, жаратылыстану, тарих, әдебиет, ауыл шаруашылығы, сауаттылық сынды сан алуан тақырыптарды қамтиды. Яғни, тарихи мұра ретінде және сол кездегі мерзімді басылымдардағы жарияларған мақалалардағы публицистік сарынды танып, тарихи дереккөз ретінде қарастыру үшін, рухани және мәдени мұраның жаңғыруында латын әліпбиіне көшу бүгіннің ғана емес, қазақтың үлт мұраты жолындағы негізгі нық қадамы болмақ.

...

Скачать:   txt (74.5 Kb)   pdf (261.6 Kb)   docx (35.8 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club