Отбасы – шуақ мекенім
Автор: aygul.bakhramova • Сентябрь 17, 2018 • Сочинение • 835 Слов (4 Страниц) • 2,537 Просмотры
Отбасы – шуақ мекенім
Отбасы – әрбір адамның жылы ұясы, құтты мекені. Шыр етіп осынау өмірдің есігін ашқаннан кейін, адам баласы отбасындағы жандардың мейірімі мен махаббатына бөленіп өседі. Сәби шағыңда сол мейірім мен махаббат қаншалықты берілсе, сенің өмірге деген махаббатың да соншалықты болмақ.. Өйткені отбасы жылуы сенің өміріңнің қалыптасуының бірден бір баспалдағы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығы бар. Қанатың қатайып, өз ұяңнан ұшқанда, сенің қаншалықты тәрбие алғаның, ақылың мен парасатың айқындалады. «Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз. Ізгілкпен жасалмаса кемеңіз» деген Рудакидің сөзі бар. Кеме дұрыс болмаса, суға кететініңіз сияқты, отбасындағы тәрбие дұрыс болмаса, жаныңа жылу бермесе, өмір атты теңізде де дұрыс жүзе алмайсыз. Сондықтан әр адам отбасы жылуын сезінуі тиіс. Меніңше әр отбасының ішкі тәртібі, ережесі болады. Қатып қалған заңдылық болмаса да, отбасы мүшелері сол қағиданы мойындап бағынуы тиіс. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, отбасы мүшелері ішкі тәртіпке бағынып, атадан балаға жалғасып келе жатқан тәрбиені бойына жинап, өн бойына ар, ұят деген нәрселерді түйіп өссе, жаман адам болмайды. Әр отбасында ата – таусылмайтын шежіре мен ерлікті, әже – сарқылмайтын мейірім мен махаббатты, әке – асқар таудай биіктік пен асқақтықты, ана – күн нұрындай жылылық пен тазалықты, бала - жас шыбықтай өскелеңдік пен шымырлықты, қыз – қызғалдақтай құлпырған сұлулық пен шынайы нәзіктікті көрсетіп тұруы тиіс меніңше.
Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.отбасыларға қаншама теңеулер мен даналы сөздерді келтірсектерде аздық ететіні сөзсі. Отбасы бір алынбайтын қамал тәрізді .сол қамал тәрізді отбасы менің отбасым сияқты ,өткені менің отбасымды Қиянбековтар отбасы немесе Ұстаздар жанұясы деп атайды. Қазақ халқының тарихында « Тамырсыз қарағай болмас, шежіресіз адам болмас» деп айтып кеткенғой . Сол сияқты менің де өзі отбасыма тән шежірем бар. Үлкен атам Рахым Ұлы отан соғысының ардагері, Еңбек жолын Шиелі аудандық білім бөлімінің бас инспекторы №166 «Екпінді » сегіз жылдық мектеп диреторы болған. Республикалық Облыстық ,Аудандық марапаттаулардың иегері. . Ал үлкен әжем Хадиша ұлағатты ұстаз болған , ел баласы үшін аянбай еңбек еткен. Сол еңбегінің арқасында Қазақ ССР-ң оқу үздігі деген медальмен марапатталған .үлке атам мен әжем «байлық еңбекте , бақыт – отбасында » деп даналы сөзін мақсатқа ұластырып 10 перзент сүйген. Сол перзентерінің үлкені өз атам Қиянбеков Жеңіс «Алтынсарин » атындағы медаль иегері № 194 орта мектеп директорының орынбасары болса өз апам Мұстафаева бастауыш сынып мұғалімі .
...