Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шумерлер және түркі тілдерінің арасындағы байланыс

Автор:   •  Сентябрь 25, 2024  •  Доклад  •  592 Слов (3 Страниц)  •  16 Просмотры

Страница 1 из 3

Шумерлер және түркі тілдерінің арасындағы байланыс

Түркітану ғылымында маңызды орын алатын мәселенің бірі – түркі тілдерінің дамуы және қалыптасуы жағынан, туыстық элементтер негізінде классификациялау. Түркі тілдері бастау алатын шумер тілімен арасындағы байланыс пен ұқсастықты анықтау және түркі тілдеріне классификация жасау тек лингвистер үшін ғана емес, сондай-ақ әдебиетшілер, тарихшылар, этнографтар үшін де өте маңызды мәселе. Себебі тіл тарихы сол тілде сөйлейтін халық тарихымен тығыз байланысты дамиды. Осы ретте, түркі халықтарының ортақ атауына айналған «түркі» терминінің қалыптасу тарихы төңірегінде осы кезге дейін айтылып жүрген бірнеше пікірлер бар. А.Н.Кононовтың пікіріне сүйенсек, бұл этноним о баста түркі және моңғол тілдеріндегі саяси термин ретінде қалыптасқан. Көне қытай жазбаларындағы деректеріне сүйенсек «түрік» сөзі «күшті, берік» ұғымын берген. Осы ұғымның негізінде «түркюдтер» деген атау пайда болған. Көне түркі дәуірінде өздерінің алғашқы мемлекетін құрған түркію тайпаларының атауы осы сөздің негізінде қалыптасқан. Көшпелі Түркі империясы мен оның құрамына кірген түркі тайпаларының өмірі туралы мәлімет бізге Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы жетті.

М.Қашқари – түркологияда бірінші болып салыстыру әдісін қолданған ғалым. Алайда, академик Ә.Қайдаровтың айтуынша, ғұлама салыстырмалы-тарихи әдісті толық қолдана алмаған: түркі халықтарының тек тіл жағынан туыстық ұқсастығы болмаса, ол олардың өзіне дейінгі тарихын, даму жолын талдамаған. Ал профессор Г.Қосымова «Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» еңбегінде қазақ тілінің тарихи лексикасын анықтауға қазақ тілінің түркі тілдер арасында алатын орнын айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтеді де, «Түркі тілдерінің даму тарихындағы кезеңдерді анықтап көрсету үшін алдымен шумер-түркі тілдерінің тарихи байланысын білуіміз керек» деген тұжырым жасайды. Себебі олардың өзара байланысы мен классификациясын анықтау түрколог-лингвистер үшін ерекше маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тілдер бір тамырдан өрбігендіктен түркологтарға салыстырып зерттеу арқылы бұлардың генетикалық байланысын анықтау қиынға соқпады.В.В.Радлов, Н.Ф. Катанов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самойлович, В.А.Богородицкий, С.Е.Малов, Н.А.Баскаков сияқты көрнекті ғалымдар, түркі тілдерін классификациялауда аса құнды пікірлер айтқаны белгілі. В.В.Радловтыңжасаған классификациясында түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін көрсете келе, олардың фонетикалық өзгешелігіне тоқталған да, ал этникалық жағы есепке алынбаған. Н.Вамбери барлық түркі тілдерін түрік тілінің диалектісі деп қарайды. Н.Ф. Катанов түркі тілдеріне этнографиялық шолу жасай келіп, оларды төрт группаға бөледі.

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (60.4 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club