Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көне түркі дәуiрi мәдениетiнiн тарихы

Автор:   •  Сентябрь 21, 2023  •  Лекция  •  2,944 Слов (12 Страниц)  •  277 Просмотры

Страница 1 из 12

КӨНЕ ТҮРКI ДӘУIРI МӘДЕНИЕТIНIҢ ТАРИХЫ

  1. Көне түркілердің тұрмысы: метал өңдеу, мал шаруашылығы, аңшылық, егіншілік
  2. Көне түркілердегі қала мәдениеті
  3. Көне түркілердің сауда қатынастары
  4. Көне түркілердің мәдениеті: сәулет өнері, қолөнері, руна жазуы,
  5. Көне түркілердегі діни наным-сенімдер

VI–ІX ғасырлардатүркілерруханижәнематериалдықдамудаүлкен жетістіктерге жетті.

  • Түркілердіңруналықжазуыпайдаболды.
  • Темiрдiөнеркәсiптiкнегiздеөндiруқолғаалынды.
  • Қалаларсалынды.
  • Тәңіршілдік, будда, манихей, христиан, ислам дiндерi таралды.

Металл өндiру. Түркілерәлемдiктарихсахнасына металл өндiруарқылышықты. Түркілерметалдыкеңіненқолданысқаенгiздiжәнесоларқылыөздерiніңэкономикалыққуатынарттырды.Археологтар Алтайдан V–ІХ ғасырларда балқытылған металл қалдықтарын тапты. Түркілер өндiрген темiр жоғары сапалы, төзiмдi әрi мықты болған. Түркi кезеңiнiң қорымдарынан металдан жасалған заттар табылды. Олар көлемі мен түрі жағынан бiркелкiлiгiмен ерекше көзге түседі. Мұның өзі түркілерде жоғары дамыған қолөнер өндiрiсiнiң болғанын дәлелдейдi.

  • Металл өндiру түркілердiң қуатты атты әскер жасақтауына мүмкiндiк бердi.[pic 1]

Қорғануға арналған сауыт ұзын етектi жеңсiз шекпен түрiнде болды. Жауынгер мінген ат та металл сауытпен көмкерілдi. Бұл олардың әскери жеңiстерiне үлкен ықпал еттi

  • Қолөнер мен сауданыдамытуғаықпалетті

Малшаруашылығы. Түркілердiң негiзгi кәсiбi көшпелi және жартылай көшпелi малшаруашылығыболды. Бұл шаруашылық оларды азық-түлік өнімдері, киім-кешек және баспанамен қамтамасыз етті.

  • Көшпелiлер негiзiнен қой мен жылқы, түйе өсiрдi.
  • Мал отбасыныңжекеменшiгiсаналды.
  • Жайылым көшпелi қоғамның тең құқықты барлық мүшелерiне тиесілі болды.
  • Көшпелiлер үшiн киiз үй тасымалдауға жеңіл, ең қолайлы баспана еді.


Аңшылық. Малшаруашылығынан кейiн аңшылық маңызды рөл атқарды. Қаумалап аң аулау арнайы дағдыны талап еттi. Мұның өзi әскери ұрыстарға дайындық iспеттi еді. Ортағасырлық авторлар ұлан-ғайыр даладағы түрлi аңдар жайлы, көшпелiлердiң оларды аулағанын айтады.Аңшылар аңға атпен шығатын. Сондай-ақ қыран құс, тазымен аң аулау әдiстерi қолданылды.[pic 2][pic 3][pic 4][pic 5]

  • Қыран құстардан: бүркiт, қаршыға, сұңқар, лашын мен ителгi т.б. пайдаланылды.Бұл құстар еуропалық елшiлердi иесiнiң қолына қайта келiп қонуымен таңғалдырды.
  • азық пен терісі үшін аулады.
  • әскери жаттығу (із кесу, барлау, қаумалау) болды.
  • көшпелі қоғамдағы ауылдар мен рулар арасындағы байланысты нығайтты.

Егiншiлiк. Қазақстанның оңтүстiгi мен Жетiсу ежелден отырықшы-егiншiлiк мәдениетi дамыған өңiр еді. Шу және Талас алқабында, Алатау аңғарында тұрғындар егiншiлiкпен айналысты. Мұнда егiншiлiктің суармалы түрі дамыды. Каналдар мен арықтардан басқа суқоймалары салынды. Көне арықтар Iле өзенiнiң төменгi ағысында сақталды. Сонымен бірге өзен суын көтеруге арналған бөгет орындарының қалдықтары табылды.

[pic 6][pic 7][pic 8][pic 9]

  • Талас пен Шу өңiрiне соғдылардың қоныс аударуы және түркi тiлдес бірқатар көшпелiлердiң отырықшылыққа көшуі егіншіліктің дамуын жеделдетті.

Түркілер табиғат жағдайлары көшпелi өмiрге қолайлы жайылымдық жерлерден басқа аумақтарда да қала және ауыл тұрғындары ретiнде өмір сүрді.

Ерте орта ғасырларда қала мәдениетi Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу аймақтарында дамыды. Оңтүстiк Қазақстанда ортағасырлық қала мәдениетi ежелгі қаңлылар дәстүрінде қалыптасты. Осы аумақта қала мәдениетiн өркендетуде соғдылар маңызды рөл атқарды. VI–ІХ ғасырларда Оңтүстiк Қазақстанда түркi-соғдылық аталған мәдени кешен пайда болды.

  • Қалалардың негiзгi халқын түркілер құрады. Бұған қалалардың түркiлiк атаулары дәлел бола алады.
  • Ең ірі Тараз «әйгілі түркі қаласы» ретінде атап көрсетілді.
  • Жетiсуда қалалар жергiлiктi негiзде iрге көтердi. Олардың тұрғындары отырықшылыққа көшкен түркі тайпалары болды.

Қалалардың қалыптасуы бiрнеше кезеңнен өттi.

[pic 10]

Ортағасырлық қала үш бөлiктен тұрды: цитадель, шахристан және рабад.

ЦИТАДЕЛЬ                  Қаланың орталық бөлiгi цитадель – ішкі бекіністе қала билеушiсiнiң ордасы орналасты. Цитадельде қуатты қорғаныс жүйесi, салтанатты дәлiздер, сақтау қоймалары болды.

...

Скачать:   txt (38.9 Kb)   pdf (424.7 Kb)   docx (260.4 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club