Функционалдық сауаттылық
Автор: Фарида Макулбаева • Март 30, 2018 • Доклад • 2,771 Слов (12 Страниц) • 1,007 Просмотры
Теміртау қаласы әкімдігі
«Теміртауқаласы әкімдігінің № 8 жалпы білім беретін орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Теміртау қаласы. Қарағанды облысы.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –
бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан
сол деңгейде болады. Сондықтан
жүктелетін міндет өте ауыр». [1]
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті
Баяндаманың тақырыбын ашу үшін ең бастысы біз бір мәселенің басын ашып алайық. Сонымен, «функционалдық сауаттылық» дегеніміз не? Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады»– деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы – халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. [1, б. – 1488] Демек, жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. [2, б - 6] Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». [3, б. - 189] Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Олай болса, әр бір мұғалімнің өзіңдік сабақ барысында қолданалатын әдістері болу қажет. Ең бастысы, мұғалім тек қана білім иесі болмай, білімді жеткізе білу - бұл осы таңдағы басты міндет. Мемлекетіміздің іргелі ел болып қалыптасуы үшін өз тілін қадірлеп, қастерлеп, аялай алатын, сөз өнерінің құдіретін түйсіне білетін саналы жас ұрпақ тәрбиелеу - ұстаздың міндеті. Әсіресе, адам бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы әдебиет пәнінің әр сабағы десек болады. «Әдебиет – сөз өнері”, өнердің бір саласы. Әдебиет пәні - өнер пәні, «адам тәрбиелеу құралы» десек, ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана алып беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Мысал ретінде, 8 сынып оқушыларының Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар үйықтағанда» поэмасы бойынша сабақ барысында қолдаңылған бірнеше әдіс-тәсіл арқылы оқушылардың жан-жақты ой-қабілетерін анықтауға болады.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтадық. Енді оқушылардың кейбір тапсырмаларына берген жауаптарына назар аударайық.
8 «а» сынып оқушысы Тұңғынбекова
...