Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Төлен Әбдік "Ақиқат"

Автор:   •  Июнь 30, 2022  •  Реферат  •  1,131 Слов (5 Страниц)  •  800 Просмотры

Страница 1 из 5

                           Төлен Әбдік "Ақиқат"
                          (Фантастикалық повесть)

Роберт көңіліне кірбің ұялағандай,біртүрлі қабағын түйе қарады. Дөңгелек тамшылар мойнына құйыла бастады. Егде профессор ащы тер иісінен жиіркене қарап, басын шалқайта алды да, оның не себепті үнсіз қалғанына түсінбей әрі түсінбеген қалыппен.."Бұған не болған екен?"деген оймен таңдана қарады.Сеансты өте ұзаққа созып жібердік пе екен деп те үнсіз ойланып қалды.Бірақ,сеанстың басталғанына әлі көп бола қойған жоқ еді.

Профессор оның не себепті үндемей отырғанына түсінбей,ойланып қалды.Профессор жауап берген жоқ, Роберттің суық білегін ұстап отырып, тамыр қағысын тексеріп көрді.Роберт жұтынып,сөйлейтін адамдай кейіп танытты.Осының барлығының не себепті қажет екенін түсінбей,тістене қалды.Профессор сөзін түсініктілеу естіп алу үшін құлағын төсей бергені сол еді, Роберт аяқ асты бөтен мінезімен шаңқ ете түседі.Бұлардың ешқайсысын көргісі келмейтінін айтып,ащы да зілді даусымен шаңқ ете қалады.

Есінен ауысып кетпеді ме деп зәресі ұшқан профессор қобалжып кетеді.Роберт расында да есінен ауысқан адамдай аларып қыр-қыр ете түседі...Оның даусы адам шошырлықтай түсініксіз еді.Магнитофонның жанында тұрған профессордың көмекшісі де, телепаттың әр сөзін қалт жібермей қағазға түсіріп отырған стенографист әйел де қағаз бетіне әрі қарай қандай сөз жазарын білмей,дегбіршіп қалды.Генералдың тоқтату керек деген қаһарлы даусы жер-көкті жарып кеткендей болды.Алайда бұл мемлекеттік іс болғандықтан ешкім тоқтатқысы келмейді.Телепат ашулана осыменен жетеді деп,тынышсызданып кетеді.Бірақ,генерал бұған бойынсұнбай,бұл істің мемлекеттік іс екенін айтып,оны жалғастыруды талап ететінін айтады.Роберт есін жиғандай жуаси қалды да,бет орамалын алып,маңдайдан аққан терін сүрте бастады.Одан соң басы ауырғандай түрін өзгерте қарап,сеансқа қайта дайындала бастады.

Бір сәтте ол өзінің бір нәрсені көріп отырғанын байыпты қалыппен жеткізеді.Мұны естіген профессор елең ете қалып,тағы не айтар екен деп оның сөзін тыңдайды.Алайда ол бір нәрсені көріп отқаннан басқа ештеңе демейді.Профессордың көмекшісі магнитофонды басып қалды да, микрофонның бауын шұбалта түсіп, ілгері аттай берді де,телепаттың қасына жақындады. Стенографист әйел жазуға кірісті.Роберт болса,Гангстерлер машинаға отырағанын айтады да,денесінің тырыса қалған жерлері босаңсығандай жөтеліңкіреп, көз алдында болып жатқан оқиғаны айтып береді.

Осы жағдай да бұдан бұрын полицейлер қанша іздеп,алайда дәлірек зерттей алмай,телепаттың көмегімен ғана тауып алмақшы болған қомақты қылмысты әрекеттің бірі болатын.Бұның ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын ақылына,тіпті де телепаттың аза қылып жатқан жан түршігерлік оқиғаларға осында жүргендердің еттері үйренгені сонша,бұған пәлендей таңданып, болмаса сыры неде деп бастарын ауыртып,қиялдап жатпайтын. Ең маңызды мәселе тек баяндалып жатқан қылмысты оқиғаның өзінде ғана деп түсінгендігінде, телепат суреттеген көшелердің, үйлердің белгілеріне, жарық,еден терезе жақтауларының, көліктердің бояуына, есіктердің оюына адамдардың киімдері мен түр-сипаттарына ғана назар аударатын.

Бірінің желкесінде жарасы,тыртығы бар екенін айтып,тіпті оның басында мыжылған қалпақты көріп тұрғанын баяндайды. Екіншісінің үстінде жағасын көтерген сұр плащ, қолын қалтасына салған,мұрты бар,орта жаста,көзі сықсилау деп екі адамның түр-тұлғасын сипаттап береді.
Генерал өзінің танитын адамына дәл келгендей, көзі үлкейе,бадырая қалды.Тек профессор аяғын бірінің үстіне бірін қойып, көзілдірігінің үстінен тесіле қарап, байыпты отыр. Ол басқа бір дүниеге – он жыл қатарына жүргізген тәжірибеден бері телепаттың ақылға сыймайтын дәрежеде дамығанына таңырқады. «Бәлкім, парапсихологияның мүшелері де, өздерінің арасында данышпан я болмаса, жай телепат болып бөлініп кететін шығар,- деп ойлады ол.Немесе мына Роберттің әрі елесті көретін,онымен қоймай ой қабылдау секілді екі қабілетті қатар меңгеруін немен дәлел келтіруге болады екен?» Ол Роберттің алғаш суға ағып кеткен баланы,қол үсті болған құпия документтерді қалай тауып алғанын,содан кейін арнайы комиссияның көзінше жабық пакеттің ішіндегі хатты оқығанын есіне түсірді. Профессордың он жыл бойына жинаған материалдары аз.Оның таңғажайып фактілерді көп жиғандығы сонша, осыдан бір жүйелі заңдылық тауып, игере алмай қалармын-ау деп те қорқатын. Сол қорқыныш пайда болған сәттерде өзі мен телепаттың арасында тұрған көлемде емес еді,көзге көрінбейтін бір алып қамалды сезеді. Сол қамалға жақындаған сәтінде ар жағы бір құпия бейтаныс, бас сұғуға болмайтын,тіпті бөтен дүние екенін түсінді.Ол тек бір дүниеге-санадан тыс құдіретпен адамдардың дүниесін байланыстыра алатын көріпкелдердің бар екенін ескергендн төбесі көкке жететін.Осы байланыстың біреуі қазір өз қолында болғанына тіпті де қуанады. Ол анда-санда Робертке жаны ашитын да еді. Адам баласының болмысында өте аз кездесетін көріпкелдік қасиеттің бірыңғай қылмысты істердің ізін бағуға қызмет етуі расында да, кісінің жаны ашитындай оқиға еді.Бірақ та, профессор Робертті әлемдегі ең бақытты адам деп санайды.Тіпті де ол туралы ғылыми жұмысының бір бөлігі тек осыны анықтауға,көрсетуге арналған.Шама бар ма, бұл күнде ортадан, мемлекеттен тыс міндет жоқ. Барлығы да-адамгершілік, ар-ұждан да, мақсат, мұрат та, еңбек те мемлекет қажеттілігіне қызмет етуге міндетті еді. Тіпті сол мемлекеттік қажеттілік дегеннің өзін анық-қанығына жетіп түсініп жатпа,себебі оның өзі тым салыстырмалы түрдегі әрқилы түсінік. Алайда қалай болғанда да мемлекеттен, қоғамнан басқа ғұмыр жоқ. Адам өз-өзімен я болмаса, жаңа табиғатпен бетпе-бет қалғысы келмейді. Осылардың бәрін профессор жақсы білуші еді. Сол себепті де кейде Роберттің хәліне іштен аяушылық танытқанымен,егесінің қанша аяса да, машинасы жүк тиеуін тоқтатпайтыны сияқты, ғылыми зерттеу жұмыстарын полицейлік криминалистік әрекеттермен біріктіре отырып жалғастыруын тоқтатпады.

Сеанс аяқталған соң тағы да анализ алу жұмысы басталып кетті: медиумның қызуы, тамырдың соғысы өлшенді, кардиограммалар тексеріле бастады,онымен қоймай күлімсі сасыған тер тамшылары да кішкентай шөлмекке құйыла беріп, лабораторияға жөнелтілді.Бұдан соң барып профессор Робертті жетектеп өз бөлмесіне келді.Сонымен бүгінгі істің аяқталғаны туралы профессор Робертқа айтады.Бірақ,сол сәтте Роберт есіне бірдеңе түскендей,түртпені басып қалды да, есіктен басы ғана көрінген секретарь ханымға бізге ішімдік керек дегендей көтеріңкі әрі қуанышты дауыспен айтып,есікті тарс жауып алады.

Секретарь ханым таңданғаны,немесе жақтырмағаны белгісіз қабағын сәл керіп, үнсіз көрінбей қалды да,іле бір бөтелке шарап пен екі стакан алып келді. Содан соң әбден бейімделген қызметшілік машықпен бөтелкені лезде ашып,стакандарға байыппен құйды да, әлдебір жымиған қалыпта шығып кетті.Профессор қолының тырнағындай ғана көлемдегі стакандағы ішімдікті тауысты да,столға қойды.

Сол арада біраз болатын адам тәрізденіп,орындыққа нығыздала отырды да,ішімдіктен ұрттап жіберді.Ішімдікті бүкіл өмірдің мәселесін шешетіндей көрді.Тіпті,білім үшін бұдан артық тәжірибенің керегі де шамалы. Қарғыс атқыр мына бір қосымша міндет болмағанда, мен сіздің демалыс алғаныңызды, тіпті ұзағырақ демалғаныңызды қалайтын едім деп өтірік ашына қалғандай кейіп танытты. Әйтсе де,Роберт ештеңе демеді.

Өмірде таңғажайыптардың көп екенін бір сәтте айта бастады.Құстың ұя тұрғызғаны сияқты соқыр түйсікпен жасалады деп Вольтер айтып еді,осы сеанстардың бәрі сіз үшін бірер сағаттық жай қиналу болғанымен, ғылым үшін, тарих үшін аса мағыналы жәйт екенін ұғуға тиістісіз,деп Робертқа маңызды мәселені түсіндіргісі келгендей. Роберт тағы да ештеңе демеді.
Профессор тырнағындай стакандағы шарапты қылқылдата отырып соңына дейін тауысты.Содан соң ол өзі секілді профессорлардың көп екендігін ашыла сөйлеп айта бастады.Бірақ,өзі секілділер көп болғанымен,Роберт секілділердің жалғыз екенін тілге тиек етіп,оның тарих бетінде мәңгілік қалатынын айтады.Алайда бұл сөз Робертті таң қалдыра қойған жоқ.Жай ғана мырс етті.Профессор кабинетте өзінен басқа да тірі пенденің бар екенін жаңа сезгендей.Алайда айналып қарамажы,тағы не айтады екен деп төмен қараған күйі үнсіз қалды.

Тарих адам ғұмырының ізін өшірмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші. Уақыттың әр сәтінде қалған қателік пен кемшілікті, әділдік пен зорлықты, қылмыс пен жазаны таразыға салады. Тіршіліктің мағынасы ашылады...Роберттен қарсы пікір күткен егде профессор оған қарады да ештеңе айтпайтынын түсінеді.Бір сәтте тарихтағы оқиғалардың қайталануы мүмкін екенін,бірақ та,барлық адамның тағдырына тарихта қалу жазылмағанын сөз етеді.Дегенмен Роберт бұған да таңданыс білдірмейді.

Профессор Робертқа таңдана қарады.Алайда пәлен деп сөз таластыруды қажет етпеді. Өзінің стаканына толтыра құйып алды да, бөтелкені Роберттің алдына итеріп қойды. Бір кезде Роберт тарих бетінде қалғаннан ештеңе өзгермейтінін,тарих тек құнсыз әрі мәнсіз дүниелерді ғана сақтайтынын,тарихта қалған адам бақытты емес екендігін баяндай бастаған сәтте,басқа бірдеңелерді ащы даусымен айтып қалады.Бұл қылығына түсінбеген рофессор оған үрки қарады.

...

Скачать:   txt (16.1 Kb)   pdf (70.3 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club