Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сән ұғымының этнолингвистикалық мәні

Автор:   •  Апрель 1, 2019  •  Курсовая работа  •  18,453 Слов (74 Страниц)  •  665 Просмотры

Страница 1 из 74

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Этнолингвистика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
  2. Этнолингвизмдер, олардың тілдік және этнолингвистикалық сипаты
  3. Контрастивтік этнолингвистиканың негізгі мәселелері

  1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ СӘН ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
  1.  Қазақ халқының мәдениетіндегі сән киімдеріне құрылымдық семантикасына талдау
  2. Қазақ халқының мәдениетіндегі сән киімдерінің дәстүрлі материалдардағы қазіргі көркемдік ерекшелігі
  3. Сән – әйел киімдерінің жасалу үлгілері

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда жаппай ғаламдастыру жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы халықтардың көпшілігі ұлттық көркем ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде киім пішінінің озық үлгісінің сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін мәселесінің бірі болып табылады.

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Киімді қолөнер саласының бірі ретінде қарастырсақ та, ұлттық мәдени болмысымызды айқындайтын қазақ ұлттық әйел киімінің қалыпты сипатын қазіргі кезеңдегі киім үлгілерінің және киінудегі ұлттық рухты бейнемізді айқындау басты мақсат болып табылады.

Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі сән ұғымының мән-мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениетті мәдениетте туындап жатқан объективті-әлеуметтік және субъективті-психологиялық қақтығыстар жағдайынан туындайды. Бұл мәселелердің барлығы да қазақ халқының бүгінгі күні рухани салада жан-жақты, әрі қатпарлы қысымға ұшырап отырғанын дәлелдейді. Рухани дербестікті қалпына келтіру, нығайту, дамыту ол үлкен мемлекеттік мәселе екенін айтуға тиіспіз. Өркениет тудырған қайшылықтар соның ішінде киім үлгілеу өнерінің сапалық белгілерін шатастырып, талғамсыз, ұлттың сана сезімін бүлдіретін бөтен үлгілерді пайдаланудан басталады. Ал, ұлттық ерекшеліктер халықтың рухы мен мәдени дәстүрін жинақталған ұлттық бейнесіне қарай өзгертіп, оның бейнелік тұрақты нақыштарының дара қасиеттерін рәміздік белгі категорияларының ұлттық ойлау жүйесінде игеріледі.

Зерттеу жұмысының нысаны қазақ халқының мәдениетіндегі сән ұғымының мәні.

Зерттеу жұмысының пәні – қазақ халқының мәдениетіндегі сән ұғымының мәні өнер феномені ретінде.

Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ халқының мәдениетіндегі сәндік-қолданбалы өнерін көркем мәтін ретінде талдау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- этнолингвистиканың қалыптасуы мен дамуын анықтау;

- контрастивтік этнолингвистикаданың негізгі мәслелерін қарастыру;

- сән ұғымының қалыптасуы мен дамуын анықтау;

- қазақ халқының мәдениетіндегі сән ұғымының көрсеткішін салыстыру.

Жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Диссертациялық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері және әдіснамалық принциптері құрайды.  Зерттеу жұмыста сематникалық, тарихи-мәдениеттану, пәнаралық талдаулар, семиотика, герменевтика, компаративистика әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Диссертацияда қазақ халқының мәденитенідегі әйел киімінің сән ретінде алғашқы рет қазақ халқының көшпелі мәдениетінің және өнердің біртұтас құбылысы ретінде айқындалады. Тарихи, этнографиялық және археологиялық қазбалардың нәтижелері, сонымен қатар әдеби-теориялық еңбектер мен мұражайлардағы киім топтамаларының безендірілу деректері бойынша талдау жасаланып, қазақ әйел киімдері сәндік-қолданбалы өнердің феномені ретінде дәлелденді.

...

Скачать:   txt (267.4 Kb)   pdf (742.5 Kb)   docx (146.5 Kb)  
Продолжить читать еще 73 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club