Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ренессанстық-гуманистік қозғалыстың пайда болуының алғышарттары

Автор:   •  Июнь 29, 2021  •  Контрольная работа  •  14,363 Слов (58 Страниц)  •  429 Просмотры

Страница 1 из 58

1 деңгей

4 сұрақ.  Ренессанстық-гуманистік қозғалыстың пайда болуының алғышарттары. Ф.Рабленің өмірі мен шығармашылығы туралы айтыңыз

Феодалдық қоғам жағдайында қалыптаса бастаған капиталистік қатынастар Батыс Еуропада Ренессанс (Қайта өрлеу) әрекетіне негіз салды. Мәдениет тарихында Ренессанс атауымен аталатын бұл әрекет алғаш Италияда (XІV ғасыр) және көп ұзамай Еуопаның басқа елдерінде де басталды. Дүниежүзілік сауда-саттықтың дамуы, ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, шаруалар соғысы, халық көтерілістері қоғамдық өмір мен қоғамдық санада көптеген өзгерістерді туғызды. Адам еркіндігі мен адамның табиғи талаптарын қорғайтын гуманистік қозғалыс дүниеге келді. Діни қағидалардан тыс реалистік мазмұндағы көне антикалық мәдениетке қызығушылық күшейді.

Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің маңызы оның феодалдық құрылыс пен шіркеуге қарсы алып барған табанды күрестерімен белгіленеді. Озық ойлы зиялылар христиан іліміне, схоластика, мистика, аскетизм және озбырлықтарға қарсы аяусыз күресті. Адам еркіндігі және оны дін құрсауынан азат ету мен дүниежүзілік мәдениетті қалыптастыру үшін өз білімі мен жігерін сарп еткен осы қаһармандар өздерін гуманистер деп атады. Бұл сөз латынша humanus - адамгершілік деген сөзден келіп шыққан.

Қайта өрлеу дәуірінің тағы бір ерешелігі оның антикалық мәдениетке қатынасынан көрінеді. Гуманистер антикалық дәуірге қайту мақсатында емес, бәлкім өздерінің озық пікірлерін негіздеу және болашаққа сеніммен қадам басу үшін ертедегі талантты қаламгерлердің шығармаларына иек артады.

Халық дәстүрінен, фольклорлық негіздерден тиімді пайдалану ірі гуманистер шығармашылығының шыңдалуына жағдай жасады. Роберт Грин драмаларында халық өкілдері басты қаһармандар ретінде суреттеледі. Шекспир трагедияларында да кейбір персонаждар арқылы еңбекші халықтың аянышты тұрмысы баяндалады.

Франсуа Рабле

Рабленің гуманистік қызметінің жарқын үлгісі, халықтың арман-тілегін терең бейнелеген шығармасы - «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романы. Эпопеяның алғашқы кітабы 1533 жылы Алькофрибас Назьенің алғысөзімен «Алып Гаргантюаның ұлы, дипсодтар королі, таңғажайып Пантагрюэльдің басынан кешкен жантүршігерлік оқиғалары мен қаһармандықтары» деген атпен жарық көреді. Рабленің осы туындысы 1532 жылы Лионда шыққан «Даңқты және алып Гаргантюа жайындағы аса құнды хроникалар» кітабының әсерінде жазылған болатын. Халық туындысына жататын «Хроникалардағы» идея мен көркемдік әдіс, орта ғасырлардағы феодалдық заңдар мен серілік қаһармандықтарды масқаралауға ұмтылушылық ұлы жазушыны қатты қызықтырады.

Рабленің бұл романы орта ғасырлардағы тұрмысқа, заңдар мен танымдарға, схоластикалық ілімге қарсы ашық сатира ретінде туды. Онда қияли болса да болашақ өмір туралы халықтың арман-тілегі суреттелді.

Рабле орта ғасырлық халық кітаптарындағы гротеск (шендестіруге құрылатын, әжуа, күлкіге ерекше мән берілетін көркемдік бейнелеу тәсілі) әдісінен пайдаланып, шығарма кейіпкерлері Гаргантюа мен Пантагрюэль образдарын алып- дәулер бейнесінде беріп, алып адамдар образы арқылы гуманистік идеяларды алға тартады, шіркеудің діни танымын масқара қылады. Рабле алып корольдерді жомарт жандар ретінде суреттейді және оларды озбыр, залым, жауыз корольдерге (Пихрохол, Анарх) қарсы қояды.

Рабле жасаған халықшыл корольдер образы осы дәуірдегі озық ойлы қайраткерлердің армандаған әділетті патшаның бейнесі еді. Бірақ мемлекетте жүріп жатқан діни соғыстар, озбырлықтың күшеюі, Франциск I-нің соларды қолдауы Рабленің көзқарастарында да өзгеріс жасады. Романның соңғы кітаптарында Пантагрюэль образы жомарт, сақи адам сипатында емес, ал көңілді, пантагрюэлизм пәлсапасын насихаттаушы, саяхатшы қайраткер сипатында көрінеді, бұл тосын жағдай емес еді.

Рабле шығармаларының сөз өнері тарихында алатын орнын көрсете келіп, Бальзак «Рабле - біздің жалпы ұстазымыз» деп жоғары баға берді.

...

Скачать:   txt (206.1 Kb)   pdf (455.3 Kb)   docx (78.8 Kb)  
Продолжить читать еще 57 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club