1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлт-азаттық күресіндегі рөлі
Автор: Seilkhanov • Ноябрь 11, 2020 • Практическая работа • 3,604 Слов (15 Страниц) • 895 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениті кафедрасы
[pic 1]
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: 1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлт-азаттық күресіндегі рөлі
Мамандығы: В063 - Автоматтандыру және басқару
Орындаған: Сейлханов Алишер Асетович
Тобы: АУк 20-1
Тексерген: Доцент, КИН Раджапов А. Ө.
_______ __________ <<___>> ________________2020 ж.
Алматы, 2020
Жоспары: I.КІРІСПЕ......................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1) Көтерілістің басталуы.Жетісудағы көтеріліс және басшылары.............................................................................................4
2)Торғайдағы көтеріліс.Амангелді Иманов...............................11
III.ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................14
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................15
Кіріспе
1916 жылғы көтерілістің тарихы осы уақытқа дейін біршама зерттеліп, бірталай ғылыми жинақтар жарық көргенімен әлі де болса оның қарастыратын мәселелері жеткілікті. Олай дейтініміз, кеңестік тарихнамада бұл көтеріліске, басқа да көтерілістерге байланысты көптеген деректік материалдар зерттеушілерге белгісіз болып, немесе зерттеушілердің қолына берілуі шектеліп келді. Сондықтан, тәуелсіздік алғаннан кейін де 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің тарихы зерттеушілердің назарын өзіне аударуда. Сол сұранысты азда болса қанағаттандыру үшін тың тарихи деректердің ғылыми айналымға енгізілуінің маңызы зор. Оның ішінде, көтеріліс қарсаңында қалыптасқан жағдайды, көтерілістің себептерін, барысын, салдарын айқындай түсетін, саяси-экономикалық, әлеуметтік-рухани өмірден мәлімет беретін түрлі материалдар мәселені тура түсініп, терең талдауға мүмкіндік береді деген ойдамыз. Социалистік Қазан революциясына дейін Қазақстан патшалық Ресейдің ең артта қалған, мықты езілген колонияларының бірі болды. Үнемі болып тұратын «жұттардың» салдарынан талай жүз мыңдаған малдар қырылып қалды. Орыс буржуазиясы Қазақстаннан мал, тері, жүн және басқа да шикізаттарын өте арзан бағамен алды да, өндірісті кәсіптен шыққан заттарды бірнеше есе артық бағамен сатып отырды. Капиталистер шикі заттарды әрқашан да көтере сатып алатын саудагерлер арқылы алып отырды. Бұл саудагерлер тауарды өсімменен малдай не малдан өнетін өнімдериен қайтаратын етіп, несиеге беретін еді. Осы «несиелер» мен өсімдер үшін саудагерлер ауылдан малды лек-легімен айдап қайтатын еді. Бірінші дүниежүзілік империялистік соғыс царизм мен орыс буржуазиясының ұлт-колониялық саясатын бұрынғыдан да күшейте түсуге және қазақ еңбекшілерінің онсыз да ауыр халін жан төзбестік дәрежеде нашарлатуға әкеліп соқты. Соғыс басталған бойда-ақ, патша үкіметі губернаторларға құпия түрде «жергілікті халықтардың үкіметке қолайсыз... пиғылы аз да болса біліне қалса нағыз аяусыз түрде тезжаншып тастаңдар» деп жазды. Қазақтардың адамгершілігі нағыз сорақы түрде аяққа тапталды. «Жергілікті халықтардың орыс үкіметіне бағынған белгісін көрсету үшін жергілікті халықтар әрқашан да барлық ведомстволардағы офицерлермен шиновниктерге кісілікпен тұрып және бас иетін болсын» деген бұйрықтар жазылды. Қазақ еңбекшілерін талау ісі, жаңадан жер тартып алумен қана тоқталған жоқ. Соғыс ат, түйе, жүн, тері және басқа ауыл шаруашылық заттарын керек қылды. 1914 жылы тек бір Жетісу облысынан қана 34 миллионға таяу сомдық мал және малдан түскен тауарлар алынды.
...