Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Парасаттылық– мемлекеттің дамуының кепілі

Автор:   •  Февраль 10, 2022  •  Эссе  •  828 Слов (4 Страниц)  •  343 Просмотры

Страница 1 из 4

Парасаттылық– мемлекеттің дамуының кепілі

Бiз жүйріктігі көз ілеспес жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты мемлекеттің дамуы болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес, дегенмен... Ия, дегенмен қай қоғамның да ілгері басқан аяғына тұсау болар бір келеңсіз мәселе бар. Ол мәселе – қай елде, қай қоғамда өмір сүрсек те, түбегейлi шешiмi табылмай тұрған адами парасаттың төмендігінен туындайтын сыбайлас жемқорлық мәселесі. Қанша заң қабылданса да, қандай ауыр жаза қолданылса да, бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Табылуы да күмәнді, өйткені бұл дерт – әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отырған қоғамның дерті... Қоғамның бұл індетке шалдығуының себебі неде және бұл қауіпті дерттен құлан таза айықтырудың амалы қандай болмақ?

Жемқорлықты қанша жоямыз десек те, ол күннен күнге өршіп, керісінше індетке айналғанын көріп, естіп жүрміз. Жас мемлекет болсақ та, бұл індет бізді де айналып өтпеді. Жемқорлықтың ішіндегі ең кең етек алғаны – парақорлық. Ол жай құқық бұзушылық емес, мемлекетіміздің сенімділігі мен ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер және мемлекетіміздің өсуіне, алдыңғы қатардан көрінуіне кедергісін келтіреді. Осының салдарынан, әрине, мемлекетте өсу, алға жылжу болмайды, яғни қоғамның бұл дертке шалдығуының бірден-бір негізгі себебі – қазіргі таңда адамдар рухани парасаттылықтан гөрі материалдық игілікті алға қоятын жағдайға жеткендігі.

Ия, сыбайлас жемқорлық ол – бүгін немесе кеше туған нәрсе емес, ол заманның ағысымен бірге өсіп, тамырын тереңге салған індет. Бұл жағымсыз тіркесті теледидар, газет беттерінен үнемі естіп, оқып жүргендіктен, оған құлағымыз да, етіміз де үйреніп қалғандай, соншалықты бейқамбыз. Ал, қоғамды жаулаған осынау індеттен жазыла алмауымыздың, меніңше, бір себебі – осы боп тұр. Мұның салдарынан адамдардың айналасындағыларға сенімдері жоғалып, шындық, әділдік деген нәрсеге сенбейтіндей, сенімсіздікпен қарайтындай жағдайға жеткен.

Мен үшін келесі себеп – түрлі БАҚ құралдарынан оқып-естіп жүргеніміздей қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, халыққа тиесілі мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, сарапшының жалған қорытыңдысы, лауазымды адамдардың сот үкімін орындамауы – осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстардың «арқасында» жүзеге асады. Ең сорақысы – осыларға әділ жаза қолданады деп халық сенген сот орындарының да кейде «бармақ басты, көз қыстымен» «алтын көрсе, періште жолдан таядының» әрекетін жасауы.

«Әттеген-ай!» деймін сондайда, бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұстанымымен әділдік пен турашылдықты ту еткен ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидей қазағымның асылдары да «Қызыл кітапқа» еніп кеткені ме?

ХХІ ғасырда сауатсыз адамды табу өте қиын болғанымен, құқықтық сауатсыздар жетіп артылады, басқа сөзбен айтқанда, жағдаятқа

...

Скачать:   txt (10.5 Kb)   pdf (43.6 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club