Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәшһүр Жүсіп пен Абай шығармаларындағы үндестік

Автор:   •  Март 27, 2023  •  Курсовая работа  •  4,826 Слов (20 Страниц)  •  397 Просмотры

Страница 1 из 20

 «Мәшһүр Жүсіп пен Абай шығармаларындағы үндестік»

ғылыми жобасы туралы

ПІКІР

Зерттеуші Секен Аружанның «Мәшһүр Жүсіп пен Абай шығармаларындағы үндестік» ғылыми жобасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналады.  Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығының дені халықтың әлеуметтік тұрмысы және дәуірдің осындай қиын жағдайында ел-жұртын «жарық күнге» жетуге ұмтылдырған, азатшылдыққа алғаш үндеген, насихаттаған өлеңдер болып келеді. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік даму процесінде ұлттық, отаршылдық тонаудың нығаюы мен ұлғаюына байланысты ішкі прогрессивтік күштер әрекетінде ширыға түсті. Осындай жағдайда Мәшһүр Жүсіп Көпеев те өзге ақын-жазушылар секілді қоғамдық ой-сананың оянуына өзінің ұлттық рух, патриотизмге толы өмірлі өлеңімен ықпал жасады. Ақын өлеңдерінде халық мұңын жоқтап, өткір тілмен отаршылдар әкімшілігінің жауыздығын әшкерелеп, сынға алды. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті көтерген ең негізгі проблемалық тақырыптардың бірі – ағарту, ғылым-білім десек, мұның Мәшһүр шығармашылығында елеулі орын алғанына көз жеткіземіз.

Ақын, жазушы, этнограф, шежіреші, өз заманының зерттеушісі Мәшһүр Жүсіптің артында қалдырған әдеби мұралары өзінің ғылыми жағынан өте терең, әрі жан-жақты саланы қамтитыны туралы жұмыста жан-жақты айтылады.  Жобада қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен Мәшһүр шығармаларына тән  ерекшеліктер, тұлғалардың рухани үндестігі зерттелген. Автор соның ішінде екі ақынның өлеңдерін салыстыруға көп көңіл бөлген. Өз заманында құғын-сүргін құрбаны болған Мәшһүр Жүсіптің еңбектері енді зерттеліп жатқан шақта Секен Аружанның осы жобасы тың жаңалықтар қатарында деп есептеуге болады.

Ғылыми жетекшісі             Ишпекбаева А.Ә.

[pic 1]

[pic 2]

[pic 3]

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................... 3

1.Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы туралы........................................5

1.1.Тұлғалық-тарихнамалық  талдау...........................................................5

1.2. Мәшһүр Жүсіп еңбектеріне шолу.........................................................6

1.3.Мәшһүр Жүсіп  шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі........ 9

2. Мәшһүр Жүсіп пен Абай шығармаларындағы үндестік.................12

2.1.Қазақ жазба әдебиетіндегі Абай-Мәшһүр жолы...................................12

2.2. Абай, Мәшһүр өлеңдеріне тән ұқсастықтар.........................................15

2.3.Даналардан қалған сөз.............................................................................19

Қорытынды...................................................................................................19.

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................20

[pic 4]

[pic 5]Аннотация[pic 6]

Ғылыми жоба Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналады.  Ақын, жазушы, этнограф, шежіреші, өз заманының зерттеушісі Мәшһүр Жүсіптің артында қалдырған әдеби мұралары өзінің ғылыми жағынан өте терең, әрі жан-жақты саланы қамтитыны айтылады.  Жобада қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен Мәшһүр шығармаларына тән  ерекшеліктер, тұлғалардың рухани үндестігі зерттеледі.

Аннотация

Научный проект посвящен жизни и творчеству Машхур Жусуп Копеева. Литературное наследие поэта, писателя, этнографа, летописца-исследователя  Машхур Жусип является огромным вкладом всесторонностью и научностью трудов. В проекте исследовались аналогичность произведении Машхур и великого поэта Абая Кунанбаева, основателя казахской письменной литературы и духовная гармония личностей.

Аnnotation

The scientific project is dedicated to the life and work of Mashkhur Zhusup Kopeev. The literary heritage of the poet, writer, ethnographer, chronicler-researcher Mashkhur Zhusip is a huge contribution to the comprehensiveness and scientific nature of his works. The project explored the similarity of the work of Mashkhur and the great poet Abai Kunanbayev, the founder of Kazakh written literature, the spiritual harmony of personalities.

...

Скачать:   txt (67.1 Kb)   pdf (285.6 Kb)   docx (604.2 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club