Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстарды қолдану

Автор:   •  Февраль 16, 2018  •  Курсовая работа  •  7,344 Слов (30 Страниц)  •  2,820 Просмотры

Страница 1 из 30

ҚОСТАНАЙ  МЕМЛЕКЕТТІК  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ИНСТИТУТЫ

ПСИХОЛОГИЯ  ЖӘНЕ  ПЕДАГОГИКА  ФАКУЛЬТЕТІ

МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ  ЖӘНЕ  БАСТАУЫШ  БІЛІМ  БЕРУ  КАФЕДРАСЫ

Әлібек  Гүлмарал  Әлібекқызы

5В010200 – «Бастауышта  оқытудың  педагогикасы  мен  әдістемесі»

Мамандығының  3 - курс  студенті

Әдебиеттік  оқу  және  тіл  дамыту  әдістемесі

Курстық  жұмыс

Ғылыми  жетекші:

Кушмурзина Д.Х.

 аға  оқытушы,

п.ғ.магистрі

Қостанай 2017 ж,

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................

I ӘДЕБИЕТТІК  ОҚУ  ЖӘНЕ  ТІЛ  ДАМЫТУ  ӘДІСТЕМЕСІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ..........................................

1.1 Көркем  шығарма  оқудың  маңызы  мен  мақсаты  және  принциптері................................................................................................

1.2 Оқытудың  түрлері...............................................................................

II  ӘДЕБИЕТТІК  ОҚУ  ЖӘНЕ  ТІЛ  ДАМЫТУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕЛІК  НЕГІЗДЕРІ............................................................................

2.1Мәтінді  қабылдауға  байланысты  жүргізілетін  жұмыстарды қолдану.....................................................................................................

2.2 Оқу  түрлерін  дамытуға  арналған  тапсырмалар................................................................................................

Қорытынды................................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................

Сабақ жоспары

                                                    Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі  бөбек — ертеңгі  азамат — қоғам иесі. Балғын  бөбектерге ең  алғаш  жол  көрсетуші,  бағыт  беруші — бастауыш  мектеп  мұғалімдері.  Ақ  жүрек,  балғын  бөбектерге  білім  мен тәрбие  есігін  ашу  бастауыш  мектеп  мұғалімдеріне  абыройлы  да  жауапты жұмыс  жүктейді.  Өйткені  білім  мен  тәрбие  негізі,  баланың  жеке  басын қалыптастыру  негізі — бастауышта  қаланады.

Балалар   мектепке  келген  алғашқы  күннен  бастап,  Отанымыздың өмірімен,  халықтың  тұрмыс-тіршілігімен  танысады. Отанымыз  кушейе түсу  үшін,  халықтың  тұрмысы  жақсара  түсу  үшін  іске  асырылып  жатқан сан  алуан  жағдайларды  ұғынады.  Үлкен  адамдардың  оларға  қандай  үміт артып  отырғанын  аңғарады. Осы  үмітті  ойдағыдай  ақтау  үшін,  біздің мектептеріміз  жас  балдырған  алғаш  рет  мектеп  табалдырығын  аттағаннан  бастап-ақ,  оқыту,  тәрбиелеу  және  даму  процестерін  тығыз ұштастыра  жүргізіп,  өз  өрендеріне  дүниенің  алуан  түрлі  сырларын  ашып береді,  оларды  білімнің  бай  қазынасын  терең  меңгеруге,  қоғамның белсенді  азаматы  болуға  баулиды. Осы жұмыстардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін пән «Әдебиеттік  оқу» пәні болып табылады.

           «Әдебиеттік  оқу»  пәні - бастауыш  білім  беру  процесінде оқушыларға  ана  тілінің  байлығын  меңгертудің  алғашқы  сатысы. Пәннің  негізгі  мақсаты – оқу  және  жазу  дағдыларын  қалыптастыру, байланыстырып  сөйлеуге  үйрету,  алғашқы  грамматикалық  мағлұматтарды меңгерту  болып  табылады. Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық – әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу, әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсіп, мәнерлеп, шапшаң оқу секілді жұмыстар жүргізіледі.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта әдебиеттік  оқу  пәні бойынша оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдарын анықтау. Сабақ барысында оқу дағдыларын қалыптастырудың жолдарын көрсету.    

Зерттеудің міндеттері:

  • Бастауыш сыныпта дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға  жаттықтыру.
  • Бастауыш сыныптағы  жүргізілетін оқу  түрлерін анықтау және жіктеу.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптағы оқу үрдісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы оқушылардың оқу түрлерін  меңгерту.

Зерттеу әдістері: Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерді талдау. Озат педагогикалық тәжірибелерді талдау.

Болжамы: Егер бастауыш сыныпта әдебиеттік  оқу  пәні барысында оқу түрлерін  қалыптастыруды дұрыс ұйымдастырса, онда оқушылардың білім деңгейі  артар еді.

...

Скачать:   txt (94.6 Kb)   pdf (514.8 Kb)   docx (74.3 Kb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club