Мұғалім қандай болу керек?
Автор: Saltanat19812904 • Октябрь 18, 2020 • Эссе • 512 Слов (3 Страниц) • 989 Просмотры
Мұғалім қандай болу керек?
Эссе
«Мұғалім-бұл адамның ардақты аты»
С.Мұханов
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер –ертеңгі ел тұтқасы. Ал
оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу әр мұғалімнің борышы. Бүгінгі мұғалім бастауыш сынып оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, халықтық педагогиканың нәрімен сусындату, әр оқушының бойына ұлттық құндылық, ұлттық мінез қалыптастыру, баланың жан-дүниесін рухани қазынамен байытуға ,соны меңгертуге тиіс.
Әрине мұғалімнің жүгі – ауыр жүк. Мұғалімнің әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, жауапкершіліктің және дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емеспе?
Мәлік Ғабдуллин: «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс–тұрысымен,
жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген екен.
«Ұстаз болу өзгенің бақытын аялау, өз уақытын аямау» - мұғалімнің қызметіне бұдан артық теңеу, бұдан артық анықтама болмас әрине.
Бір баланың өмірге танымын, оқуға құштарлығын оятып, дұрыс бағыт сілтеген мұғалімнің еңбегі, сол баланың бақытты өмірімен де есептелмес! Ал біздің арамызда мұндай ұстаздар қаншама!
«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген қанатты сөз бар. Мұғалім ұлағатты, сауатты, сара көңіл, дара пейіл, көргені көп, көңілге түйгені мол болса, алдындағы баланы елдің ертеңі, ұлттың болашағы десе, сонда ғана ұстанымы мықты ұрпақ қалыптасары сөзсіз. «Ең әуелі, мектепке керегі – оқыта білетін мұғалім», дейді ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлы.
Мұғалімге оқушылармен етене араласып, тіл табысу үлкен көмек. Әр
баланың ішкі әлеміне үңілу ұстаз үшін ашылмаған арал тәрізді. Сабақ барысында педагогикалық теорияны практикамен ұштастырып тұратын нәзік жіп тәрізді тәжірибені түрлендіру мұғалімге ешқандай қиындық жүктемейді. Ең бастысы, мұғалімге тән жауапкершілікке ден қойса болды.
Мысалы, оқушылардың «жұмыс күнінің» мөлшерін ескере отырып, жалықтыратын оқыту мен мазмұны қызықсыз оқулықтардан бойды аулақ болған дұрыс деп ойлаймын. Бағалаудың «жазалау» емес, керісінше, оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасай білуінің, табысқа жету үшін ынталандырудың мәні зор.
...