Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұхтар Әуезовтың “Қараш-қараш оқиғасы” повесіне аннотация

Автор:   •  Ноябрь 14, 2022  •  Анализ книги  •  381 Слов (2 Страниц)  •  306 Просмотры

Страница 1 из 2

Мұхтар Әуезовтың “Қараш-қараш оқиғасы” повесіне аннотация

М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» 1927 жылдың желтоқсан айы мен 1928 жылдың қаңтар айларында жазылған. “Қараш-қараш оқиғасы” Мұхтар Әуезовтың 20-ғасырдың бірінші жартысында жазған әдеби туындысы.Ұлы жазушы бұл шығармада 1925 жылы қазақ жеріне билікке келген Голощекиннің зұлмат саясатын,сол зұлмат саясатқа қарсы Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың іс-әрекеттері сипатталады.Шығармадағы кейіпкерлердің көбісі өмірден алынған.

Шығармада Бақтығұл-інісі үшін кек алғысы келеді.Ал Тектұғыл-Бақтығұлдың інісі.Қатша болса-Бақтығұлдың әйелі.Сәлмен-Қозыбақ атты ауылда тұратын бай адам.Қоқай-Сәлменнің жылқышысы.Шығармада Қоқай алып,денелі,бірақ қорқақ жылқышы кейпінде суреттеледі.Жарасбай-Бақтығұл үнемі сеніп көмек сұрайтын адам.Бірақ ең соңында ол Бақтығұлды сатып кетеді.Тектіғұл мен Бақтығұл Сәлмен дейтін байға адал қызмет етеді.Бақтығұл шығармада өте парасатты,қаншама қиындық болса да,қасқайып қарсы тұрып,өмірдің қиындықтарымен шебер күресетін кейіпкер ретінде суреттеледі.

Автор бұл еңбегінде Қазан революциясынан кейінгі қазақ халқының өмірін шынайы суреттейді.Сол замандағы бай мен кедейдің өмірі,олардың арақатынасы,талас-тартысы,үй-жайлары көркем суреттелген.

Повесте ауылдағы адамдардың көпшілігі кедей тұратындығы,адамдар кедей болса да бір-біріне барынша көмектесіндігі көркем тілмен суреттелген.

Автордың шығармасындағы тағы бір ерекшелік-ол жаман,ұнамсыз кейіпкерлерді бетін жерге қаратып,аяусыз етіп суреттемейді,оларды барынша ажарландырып,оқырмандарға көрсетеді.Повестегі автордың табиғатты соншалықты әдемі суреттеуін айтпай кетуге болмайды.Әңгіменің кез-келген бөлігінде табиғат суреті әсем көрсетілген.

Әңгімеде Жарасбай дейтін болыс патша саясатын қазақ жерінде терең енгізіп,патша өкіметі нені бұйырса соны орындайтын,өкілеттілігі жоқ,қуыршақ болыс ретінде суреттелген.Мұхтар Әуезов сол заманның өзінде қазақ халқының билікке таласып,болмашы билікке жету үшін қанша мөлшерде болсын пара беруге дайын екендігін қатаң сынаған.Автор билік үшін талас-тартысты шынайы суреттеген.Сонымен қатар болыстардың уезд бастығы,қазақша тілмен айтқанда оязға тікелей бағынып,оның айтқанынан шыға алмауы олардың халықтың сенімінен мүлдем айырылғанының белгісі болып көрсетіледі.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (43.1 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club