Мұхтар Шаханов
Автор: Elving • Март 25, 2018 • Реферат • 1,063 Слов (5 Страниц) • 1,430 Просмотры
Күні: 26.03.2018
Топ: 22 "М"
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Пән оқытушысы: Бекмедетова Ф.К.
Практикант: Ибраймова А.Қ
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
a) Білімділік: Саналы ұрпақтың өн бойына ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармаларының тереңіне сүңгіп, тарихи мазмұны мен мағынасы туралы білімдерін жетілдіру.
b) Дамытушылық: Сөз қолданудағы шеберлігі мен сөз саптаудағы мол қорын дамыта келіп, шешендік өнерге деген қызығушылығын арттыру;
• ақын өлеңдерінің тереңіне бойлай отырып, жас ұрпақтың сөз қолданудағы мәдениеті мен шеберлігіне жол аша білу.
• білім алушылардың танымдық мүмкіндіктерін, дербестігін, еңбексүйгіштігін дамыту;
c) Тәрбиелік: Білім алушыларға ақынды жан-жақты таныта отырып, халқымыздың қанға сіңген қадір қасиеттері мен құндылықтарын бойына сіңіру;
• Қара сөзге деген құрметін оята отырып ілім алушыны орындаушылық, еңбексүйгіштік сезіміне тәрбиелік жағдай жасау;
• Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу мәліметтерін меңгеру сабағы
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, ойтолғау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, PoirPoint-та жасалған презентация, сұрақтар, үлестірмелі қағаздар, тест тапсырмалары.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Аудиторияның тазалығын, студенттердің сыртқы түр-әлпетін тексеру, жоқ студенттерді белгілеу. Сабақ барысына дайындық. Білім алушыларды ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
2. Өткенді қайталау:
Студенттер өткен сабақта бөлінген топтарымен ұйымдаса отырып, үйге берілген тапсырманы қорғап шығады.
«Кім жылдам?»
Бұл тапсырма бойынша студенттерге таратылып берілген үлестірмелі қағаздардағы сұрақтарға жауап беріп, өткен сабақты қорытындылайды.
1. Шерхан Мұртаза кім?
2. Жазушының еңбек жолына қысқаша ақпарат беріңіз.
3. "Қызыл жебе" романындағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерге салыстырмалы түрде өз ойыңызды білдіріңіз.
4. Тұрар Рысқұлов жайында не айтасыз?
3. Жаңа сабаққа көшу
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Дәріс мәліметтерін тарату. Жаңа тақырыпты мазмұндау /презентация/ Тыңдау. Дәрістің қысқаша мазмұнын дәптерге жазу. Жаңа тақырыпты толық меңгеруді қамтамасыз ету.
Жаңа сабақ бойынша мәліметтер
Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді
Заманымнан алғанша үлесімді,
Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді - деген, бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын күллі әлем мойындаған Мұхтар Шаханов – ұлт тағдыры, тіл жанашыры болып, осындай басын бәйгеге тіккен ұлтжанды ақындардың бірі ғана емес, бірегейі. Бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналады.
"Мен білемін" әдісі бойынша студенттердің жаңа тақырыпты қай деңгейде білетіндіктеріне көз жеткізу мақсатында сұрақтарға жауап алу.
1. М. Шаханов өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз?
2. Туған жері,өскен ортасы,білімі,қызметі,шығармаларының негізгі бағыттары. (Студент жауаптары)
3. Жалпы ақын қандай болуы керек? Нағыз ақындық өнер туралы пікірлерініз қандай?
4. Ақынның шығармаларының басты тақырыптары не?
5. Рухани байлық дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушы жауаптарын топтастыру)
Өмірбаяны
Еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, 1999 жылы Қырғыз Республикасының Халық ақыны атақтарына ие болады.
...