Менің кәсібім
Автор: zanzhar • Апрель 1, 2019 • Эссе • 334 Слов (2 Страниц) • 5,783 Просмотры
Эссе
Менің кәсібім
Кәсіпкерлік кез келген заманауи дамыған экономиканың қозғаушысы болып табылады, өйткені кәсіпкерлер көптеген жұмыс орындарын құрады, жаңалықтарды енгізеді, орта таптың әл-ауқатының өсуін ынталандырады және азаматтық қоғам мен саяси еркіндіктің негізін қалайды.
Кәсіпкерлік экономикалық қызмет нысандарының бірі болып табылады. Бұл азаматтар мен олардың бірлестіктерінің өз қорқынышы мен тәуекеліне және пайда алуға бағытталған өз жауапкершілігін жүзеге асыратын бастамашылық дербес қызметі болып табылады.
Біз - жас ұрпақпыз, еліміздің болашағы бізге байланысты. Қазіргі қоғам өзіне, қоршаған ортаға және өзінің дамуына байыпты қарайтын, жауапты адамдарға мұқтаж. Қазірде мен 2 курс студентімін, бірақ менің болашақ өмірім қандай болатынын, қандай жұмыспен айналысатыным туралы көп ойланамын.Әрине, жоғары білімді аяқтап мемлекеттік мекемеде жұмыс істеуге немесе кәсіпкер болып өз бизнесіңді де бастауға болады.
Мені көбіне мынадай ойлар толғандырады: әркім кәсіпкер бола алады ма, әлде ол үшін ерекше тілек пен талант қажет пе? Кейбіреулердің айтуынша, тек әрбір он адамның біреуі ғана кәсіпкер бола алады дейді.
Ал, мен жеке кәсіпкер кез келген адам бола алатынына сенімдімін. Мысалға біреуі талантты және оны бүкіл әлем біледі, екіншісі еңбекқор оны бүкіл қала біледі, үшіншісі жалқау бірақ өз өміріне риза, сондықтан оның бизнесі жоқ. Кәсіпкер болу ауыр еңбек. Сол себептен әрдайым жұмысты, жиырма төрт сағат бойы өз бизнесің туралы ойлауға тура келеді.
Сонымен, армандар орындалады дейді ғой менде бір армандап көрейінші, кім біледі болашақта менде кәсіпкер болып қалармын. Өзімде кәсіпкер ретінде сезініп көрсем, қандай кәсіппен айналыссам болады екен. Мысалға, алып сатарлықпен айналысып тауар сатармын, бәлкім қандайда бір мекеме ашып адамдарды жұмыспен қамтырмын. Неге екенін білмеимін өзіме осы жағы қатты ұнайды. Өз мамандығым бойынша бір кәсіп ашсам, қандайда бір бағытты ұстанып, пайданың астында қалсам жаман болмас еді. Бұл қалай болар еді қысқаша айта кетсем, үйге сән беретін керамикалық әрлеуіштерді сатумен айналыссам, оны сатып қана қоймай үй ішін сәндеу жұмыстарын жасауды қоса жолға қойсам нұр үстіне нұр емеспе. Ал, одан түсетін қаржы, кететін шығын ол ендігі бөлек әңгіме, ең бастысы идея бар.
...