Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Медеу Сәрсеке “Қазақтың Қанышы” роман эссесі

Автор:   •  Сентябрь 28, 2023  •  Реферат  •  1,168 Слов (5 Страниц)  •  271 Просмотры

Страница 1 из 5

Н.Нұрмақов атындағы мамандырылған мектеп-интернаты

        Реферат

    Медеу Сәрсеке “Қазақтың Қанышы” роман эссесі

Медеу Сапаұлы Сәрсеке- (02.01.1936 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қайнар ауылы) - жазушы.Арғын тайпасы Тарақты руынан шыққан. . Орта мектепті Алтын медальмен тәмамдап, Алматыдағы Кен-Металлургия институтына түсіп, инженер-металлург мамандығын 1958 ж. иеленген. «Лениншіл жас» газетінің редакциясына қызметке шақырылып, 1958-59 жылдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді. Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1958). 1958 - 1959 жылдары "Жас Алаш" газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі, 1959 - 1963 жылдары Семей цемент зауытында мастер, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, 1963 - 1965 жылдары "Егеменді Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы. "Ғажайып сәуле" (1959), "Көрінбестің көлеңкесі" (1960), "Жетінші толқын" (1964), "От және атом" (1965) повестері жас жеткіншектерге арналған. Өндіріс адамдары жайлы "Жеті жылдықтың жігіттері" очерктер кітабы (1961), "Қаз қайтқанда" (1968), "Айшықты мезет" (1969) деректі повестері жарияланды. "Сәтбаев", "Ебіней Бөкетов" (2005) атты деректі ғұмырнамаларын (1980, 1989), "Шығыс хикаясы" пьесасын (1971), "Жаңғырық" (1979), "Көмбе" (1985) романдарын жазды. А.Беляевтің "Қос мекенді адам" романын қазақ тіліне аударған. "Құрмет" орденімен (2001), "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен (1970), Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Ғылыми-фантастикалық жанрда толғаған алғашқы екі кітабы бойынша 1962 ж. КСРО Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған. 1964-65 жж. «Социалистік Қазақстан» газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі. 1965-97 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Ертіс бөлімшесінің секретары. КСРО қадамгерлерінің 1970-1990 жж. аралығында шақырылған үш құрылтайына делегат мандатымен қатынасқан. 1970 ж. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 1986 ж. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының Құрмет қағазымен, 2001 ж. ҚР-ның «Құрмет» орденімен марапатталды. Республикаға еңбегі сіңген зейнеткер. Семей қаласы мен Баянауыл ауданының «Құрметті азаматы» және «Павлодар облысына еңбегі сіңген қайраткер» атақтарына ие. Серікбаев атындағы ШҚ техникалық және Құдайбердиев атындағы Семей университетінің «Құрметті профессоры», ҚР-ның «Құрметті кеншісі» және Геология комитетінің «Құрметті кен іздеушісі». ҚР Ақпарат және Қоғамдық тарих академияларының толық мүшесі.      [pic 1]

Медеу Сәрсеке –ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер. Осынау өміршең үрдіс жалпы қазақ өнерін де, соның аясында сөз өнерінде де өзінің тамырын тереңнен тартып, сабақтастығын үзбей жалғап келе жатқан орнықты дәстүр деуге болады. Тек көркем проза тілінде ғана сомдалған қазақтың тарихи тұлғалары бүгінгі таңда тұтас галереяға айналған. Этностың қордаланған тарихы бар мәдени-рухани жады дейтініміз осы. Міне, қазақтың осындай текті дәстүрінің соңғы кезде өрісін ұзартқан тегеурінді  туындыларының бірі жазушы Медеу Сәрсекенің “Қазақтың Қанышы” атты ғұмырнамалық роман-эссесі.[pic 2]

Тарих еншісіне айналған ұлы тұлғалар, олардың ұлағатты өмірі жер басып жүрген тірілер үшін мерей-мәртебе ғана емес, ең бастысы  ұлттың мәдени-рухани деңгейінің тарихы көрсеткіші, халық өресінің бедерлі айғағы ретінде ден қойдыруға тиіс. Өйткені, ұлы тұлғалардың өзі тарих еншісіне айналғанымен, олардың өнегелі өмірі бүгін мен болашаққа қызмет етеді. Қазақ халқының бүгіні мен болашағының мақтанышы да, қызметшісі де болып тарих төрінен орын алған біртуар тұлғалардың бірегейі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Оның адам ретіндегі қасиет-болмысы парасаттылық пен кемелдіктің үлгісіндей болып ұрпақ жадында сақталса, ол тындырған ұлан-ғайыр істер Қазақстанды тарихи дамудың жаңа сапалы белесіне шығарып, ғылымы мен экономикасының тұғырын бекемдеп берді. Ол кісінің атқарған еңбектерінен бөлек, азаматтық болмысы да бүгінге аңыз болып жетті. Әсіресе, ағылшын премьерінің алдында  “Менің халқым менен де биік” деп ұлтының мәртебесін асқақтатқан тұлғаны біз де ұлықтауға тиіспіз. Тарихи тұлғаның осы қасиеттерін М.Сәрсеке өз романына тұжырымдамалық өзек етіп алған, айнымас темірқазық етіп ұстанған.

...

Скачать:   txt (15.3 Kb)   pdf (133.5 Kb)   docx (64.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club