Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кекшіл болма, көпшіл бол

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Эссе  •  596 Слов (3 Страниц)  •  2,634 Просмотры

Страница 1 из 3

                                                   Кекшіл болма , көпшіл бол.

Абай дана, Абай дара қазақта деп бекер айтпаса керек. Абайдың әр шығармасын оқысанда ерекше ой-толғаныс, Абайдың жадырап салған рухы сезіледі. Өзіңді тану үшін ,өзгені тану үшін, жаманнан жасқанып, жақсымен дос болу үшін , кесеапаты жоқ дүниемен тілдесу үшін Абайды оқы , ерінбе. Абайдың шеберлігі,кешегі күнмен бүгінгі күнді ұштастырып үлкен , бейне бір аласұрып шарасынан асып түскен толқындай тербетіп, кербез үңмен сусындатқан адам тұлғасын қалыптастырды. Абайдың әр айтқан сөзі адам жадында мәңгілік серік болып қалары сөзсіз .Сондай шығармалардың бірі «Сегізаяқ» өлеңі. Өлеңде он шақты нақыл сөздер қолданып, туыныдыны әсерлей түсті. Ой саларлық,өзіме ұнаған нақыл сөздің бірі «Кекшіл болма , көпшіл бол» дегені.

 Ең алдымен кекшілдіктің зардабынан өмір дейтін мектепте үлкен зарбаптарға ұшыраған көркем  әдебиет кейіпкерлеріне сыр шертсек.  Мұхтар Мағауиннің «Шақан шері» романына тоқталсақ. Романды түрлендіріп , шарықтау шегіне әкелетін ол-Шақанның кегі. « Бөлінгенді бөрі жейді» деп  қазақ бекер айтпаған,сірә. Қамыс арасында жалғыз тұруға бел байлаған Шақанның ертеңгі күні отбасынсыз болатының елестетпеген шығар бәлкім.  Отбасынан айырылған Шақанның өмірлік мақсаты жолбарыс дейтін тіршілік көзін жою еді. Тұла бойын ыза мен кек жаулаған Шақанның бейнесі жынды адамдай аласұрған мәңгүрттей елестеді.  Келесі шығарма Мұхтар Әуезовтың « Қараш-қараш» әңгімесі. Әңгіменің басы әке шешесінен айырылған өрімдей екі жас балалардың нағашысының ауылына баруынан басталды. Нағашысының туысындай емес құлындай еңбек еткен Бақтықұл мен Тектіғұлдың көрер қызығынан гөрі , жүректерінен  сыз суықтай өтіп қақсатқан жамандықтары басым еді. Өмірлерін нағашысының малын бағуға арнаған екі ағайындының алдынан не шығарын түсінбедім. Алайда, нағашысының опасыздығы, яғни, кіші інісін мерт қылуы шығарманың шарықтау шегі екенін аңғардым. Бақтығұл Тектіғұлдан айырылған сәттен бастап бойын кекшілдік бойлайды. Кек алуды мақсат еткен Бақтығұл түрлі іс-әрекеттерге барады. Ақыр соңында байды өлтіріп өзі қараш тауының аңғарына жасырынады. Екі шығармада кекшілдіктің жолымен қалықтап самғаған басты кейіпкерлердің ақымақтығы, өз істеріне жауапкершілікті сезіне алмауы суреттеледі. Нәтижесінде,туындаған сезімді кекшілдікпен шатастырып өз  өмірлеріне өз қолдарымен балта шабуы үлкен қателек белгісі болды.

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (62.5 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club