Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Казiргi казак лексикасынын колданылу сипаты

Автор:   •  Март 9, 2022  •  Курсовая работа  •  22,976 Слов (92 Страниц)  •  306 Просмотры

Страница 1 из 92

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпылама лексика бүкіл сөздік құрамдағы сөздердің сан жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізінен құрайды. Бұл сөздер жазба тілде болсын, сөйлеу тілінде болсын жалпы халыққа өте-мөте түсініктілігімен, анық-айқындылығымен, табиғи да қарапайымдылығымен бірден көзге түседі. Сол себепті жалпылама лексикаға жататын сөздер өзінің тура мағынасынан ауытқып, басқадай контекске түскенде ғана әртүрлі экспрессивті мәнге ие болды. Мәселен, Көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді дегенде кір сөзі екі түрлі мағынада жұмсалып тұр. Алғашқы сөйлемдегі кір таза емес деген өзінің тура мағынасында қолданылса, соңғы сөйлемдегі кір метафоралық ауыспалы мағынада келіп, өкпе, реніш дегенді мақалдағы көгертеді деген етістік те екі түрлі мағына тудырып тұр. Алғашқысында тура мағынасында жерге көк өсіп, көктейді дегенді түсінсек, соңғысында адамның атақ-абыройға ие болуы, даңққа бөленуі бейнеленген. Демек, жалпылама лексикаға қатысты сөздер де өзгермейтін томаға-тұйық сөздер емес, бұлар да басқадай синтаксистік құрылым мен өзгедей грамматикалық тұлғаларға ие болғанда, солардың ықпалына жүріп, ырқына көнеді де, түрліше экспрессивті мән алып отырады. Жалпылама лексика тілдегі қолдану өрісі тар, өзіне тән белгілі стильдік мәні бар сөздерге қарама-қарсы қойылып қаралады.

Сөйлеу я жазу үстінде сөз қалай болса солай қолданылмайды. Адам қашанда өзінің айтайын деген ойына, мақсатына лайық сөздерді халықтық лексикадан іріктеп, талғап-таңдап қолдануға тырысады. Мысалы, сөздердің күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой әр стильдің өзіне тән, оған телінді сөздермен жүйеленіп, бірбеткей баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады. Сол сияқты қарапайым заттық-логикалық ұғымы бар сөздер мен адамның сезіміне әсер ететін бояулы-мәнерлі сөздердің функционалдық-стильдік қызметіне байланысты түрлері пайда болады. Сөздердің қызметіне қарай жіктелуі функционалдық стильдердің түрлерімен үйлес келіп отырады. Стильдің әр саласында сөзді қолданудың қалыптасқан үйреншікті орны, үлгісі болады. Әр сөз өзінің дағдылы орнында тап басып қолдануды талап етеді.  

Ұлттық әдеби тілі нормалары мен көркем тіл нормаларының арақатынасын, өзара байланыстылығы мен ерекшелігін көркем мәтіндегі сөйлеу тілінің қолданысы арқылы шығармалардың өзіндік тілдік ерекшелігін, көркемдік жүйесін анықтау жұмыстың негізгі ғылыми-тәжірибелік маңызын көрсетеді.

 Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу барысында талдау жасалған тілдік материалдарды түсіндірме, фразеологиялық, этимологиялық сөздіктерге пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындары филология факультеті студенттеріне мәтін лингвистикасы, лингвостилистика пәні бойынша және жеке суреткер тілі бойынша арнайы курс, арнайы семинарлар ретінде оқытуға болады.

 Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.  

 

І ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ СИПАТЫ

          Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал. Бүгінгі әлемдік лингвистикадағы адам факторына негізделген тілдің коммуникативтік, когнитивтік және прагматикалық қырын терең де жан-жақты ашуға бағытталған зерттеулердің кеңінен жүргізілуі осымен байланысты.    Қазіргі таңда ұлт мәдениетін жаңғыртып, тануда, әсіресе бұрынғы кеңестік  жүйеде өмір сүрген сан ұлттар тарихын зерделеу, тарих қойнауынан тіл арқылы жеткен мәдениеттің мәйегін таразылау, салмақтысын, сапалысын сол ұлттың рухани арқауы ету өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны сөзсіз. Ел егемендігінің оң өзгерістері қазақ қоғамында тың серпін туғызып, елдің рухани жадынан ұмыт бола жаздаған ата мұраға – төл тарихымыз бен мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен өнеріміздің асыл қазыналарына қайта үңілуге мол мүмкіндіктер алып берді. Халқымыздың елдігін, ұлан-байтақ жеріміздің тұтастығын сипаттайтын аталы да кестелі сөздердің  ұлт болмысына сай сыр-сипаты ашыла бастады.

...

Скачать:   txt (316.8 Kb)   pdf (623.9 Kb)   docx (108.7 Kb)  
Продолжить читать еще 91 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club