Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігімен байланысы.
Автор: Sulukhanym • Июнь 30, 2022 • Реферат • 552 Слов (3 Страниц) • 439 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
[pic 1]
Факультеті:«Қазақ тілі және әлем тілдері»
Мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Аралық бақылау
Тақырыбы: Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігімен байланысы.
Орындаған:Бердимуратова Сулувхан Нургабилкызы
Қабылдаған: Юсуп Пархат Корабайулы
Алматы – 2022
Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігімен байланысы.
Мәселе | Ғалым пікірі | Өз пікірім | Ескертулер |
Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігімен байланысы. | Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясында ерлік тақырыбының басымдық алып, өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қайсарлығын жырлау ең өзекті мәселе болды. | Шешендік сөздің шегесін қағып,көркем сөзден көрпе тігіп,қара сөзден қамшы өрмесем де,көне замандағы жыраулардың қазақ мемлекеттігіне байланысы туралы бірер сөз айтқым келіп тұр.Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігіне қатысы бар және оны ешкім жоққа шығара алмайды.Неге? Себебі,қай жыршының жырын қарасаңыз да,ел қамын ойлағанын,хандарды тура жолға салу үшін барын салып сынап,мінеп ұзын-сонар жыр жазған. Жазбаған,ауызша айтқан. Солай бізге жеткен.Елдің қамын ойлаған жыршылардың жырына қарап тұрып, мемлекеттілікке қатысы жоқ деген сөзді айту қиын ғой! (Оған мысал ретінде жыраулардың жырларын ұзын-сонар етіп жазбасам да хабарыңыз болар,менің де хабарым бар,сондықтан осыған байланысты мына бір оқиғамды баяндап берейін.) | А.Егеубай жыраулар поэзиясының қазақ ұлтының рухани қалыптасуына жасаған ықпалы туралы: «Жыраулар толғаған адамшылық, имандылық, қаһармандық, жігерлілік һәм жайсаңдық жаңа қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан танылды. Білім-білік, ақиқат, тіл, жаратылыс жайлы толғамдар да сол арнада желі тартты. |
...