Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңартылған білім беру

Автор:   •  Апрель 30, 2018  •  Реферат  •  1,610 Слов (7 Страниц)  •  2,918 Просмотры

Страница 1 из 7

  Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы                                              

                                                                                        № 190 орта мектептің  қазақ тілі

                                                                                       мен әдебиеті пәнінің мұғалімі      

                                                                             Жарылғасынқызы Мирамкүл

ЖАҢАРТЫЛҒАН  БІЛІМДІ  ЕНГІЗУДЕГІ  ӨЗГЕРІСТЕР  АУҚЫМЫ

        «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында  болады», - деп елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, алдыңғы қатарлы елдерге қосылу үшін қазіргі білім беру жүйесіне үлкен реформа керек. Сол себепті қазіргі таңда жаңаша Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында әзірленген жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқуға жаңа бетбұрыс жасауда.

Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы

Қазіргі заман талабы – оқытудың ашықтық кейпі, яғни әр оқушының жан – жақты іс- әрекетін кеңейтіп, оның өмірлік кәсіби шеберлігін арттыру және қалыптастыру.

Қазіргі сапа стандарттарының білім беру саласының нұсқауларында оқушылардың тіл байлығының қалыптасуына басты көңіл аудару, олардың біліктерін, топпен бірге шешім қабылдай білу, ерекшеліктерді ажырату; қарым – қатынас жасап,  талдай білу; ситуациялық шиеленістерді өз беттерімен шеше білу; термин сөздерді түсініп, жаңа сөздермен таныса білу талаптары қойылған.

Осы талаптарды орындау керектігін ескеріп, өзімнің кәсіби дамуым, жаңартылған білімге  өз үлесімді қосу мақсатында түйгенім мен бойымдағы жаңа өзгеріс туралы айтқым келіп отыр.

Бағдарлама материалдары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арнап әзірленген мектеп пәндерінің оқу бағдарламаларына, оқу жоспарларына және бағалау моделіне негізделген.

Бұл бағдарлама Республикада орта білім  мазмұнын жаңарту аясында қайта қаралған оқу бағдарламаларын мектептерге енгізуге септігін тигізеді.(МАН. 4 – бет)

Бағдарлама барысындағы әдістерді пайдалану арқылы шәкірттеріміз білімге деген ынтасын ұштайды, таным – білімін кеңейтеді, бірте – бірте ізденімпаз  шәкіртке айналады. Бағдарлама бойынша жаңа әдістерді қолдана отырып, жаңашылдықтың адам бойына көп өзгеріс әкелетінін байқадым. Бір орында тұрып қалмай, одан әрі даму мұғалім үшін үлкен жетістік, оқушының да үнемі жаңаға жаны құмар, ізденгіш, шығармашыл болуы да осыған байланысты. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген сөздің мағынасы осыны білдіреді деп ойлаймын.

Сабақ барысындағы рөлдік ойындар, топтық, жұптық жұмыстар, жағдаяттар, дәйек сөздерді қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға әрекет жасайды.

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз қателіктерін және өз пайымдауын әрбір пікірден таңдап ал отырып, өз көзқарасын, құндылығын, стратегиялық іс- әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік алады деген ойдамын.

Бағдарламаның негізгі мақсаты оқушыларға өмірге қажетті білім беру негізін де сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру .

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (91.4 Kb)   docx (15.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club