Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы тіл білімі

Автор:   •  Декабрь 14, 2023  •  Лекция  •  22,831 Слов (92 Страниц)  •  212 Просмотры

Страница 1 из 92

ДӘРІС МӘТІНДЕРІ

Дәріс №1

 ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУ  НЫСАНЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, ДӘУІРЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

     «Жалпы тіл білімі» - ғылыми пән. Ол тіл білімінің жалпы теориясын қарастырады. Бұл пәннің негізгі мақсаты - студенттерді негізгі тілдік теориялармен қаруландыру . Әрбір ғылымның, пәннің зерттейтін, тексеретін өз нысаны болады. Мыс: ботаника ғылымы- өсімдіктер дүниесін , география – жерді зерттейді т.т. Дәл осы сияқты  тіл білімінің  де озіндіқ  нысаны бар. Ол нысан – адам баласының дыбыстық (сөйлеу) тілі. Дыбыс тілі – қыры да , сыры да көп, сан салалы құбылыс . Айталық, дыбыс тілінің құрылысы қандай ? Ол қандай элементтерден тұрады ? Дыбыс тілі қандай қызмет атқарады? Дыбыс тілінің өмірі атқаратын қызмет нелерге байланысты?Ол қандай ішкі –сыртқы әсерлердің, себептердің  нәтижесінде  өзгерістерге  ұшырайды ? Дүние жүзіндегі барлық тілдерге ортақ жалпы мәселелер бар ма?Бар болса, ол қандай мәселелер ? Дүние жүзі  тілдерінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Міне, олар «ЖТБ» пәнінің шешуге тиісті өзекті мәселелері болып табылады.

     Дүние жүзінде тілдер өте көп. Жалпы есеппен 3 – 6 мың аралығында .Олар құрылымы жағынан алуан түрлі . Солай бола түрса да , олардың бәріне бірдей

ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары болады. Мәселен , тіл атаулының бәрі қатынас құралы қызметін атқарады . Бұл – тілдердің атқаратын қызметі жағынан ұқсастығы . Тілдердің бәріңде де дыбыс, сөз , грамматикалық форма , сөйлем дегендер. Бұл - тілдердің тілдік элементтері жағынан біркелкі болғандығынын дәлелі .

     Тіл атаулынын бәрі заман өткен сайын өзгеріске ұшырады, дамып отырады. Бұл да тілдердің  барлығына  тән, бәріне ортақ қасиет.

     «ЖТБ» тілдердің барлығына тән осындай ортақ мәселелерді, ортақ заңдылықтарды сөз етеді.

     Сонымен, «ЖТБ» дегеніміз – тіл туралы ғылымның өткен жолын , тарихын, бағыт –бағдарын әдістерін белгілейтін жалпы теориялық пән. Оның басты мақсаты – тіл білімінің ең өзекті , ең негізгі мәселелеріне жүйелі түрде талдау жасап, олардың өзіндік сипаттарын айқындау.

     Ондай өзекті мәселелердің қатарына мыналар жатады:

1) Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні ( тілдің табиғаты дегенде оның қандай құбылыстар қатарына жататындығы, яғни ол қоғамдық құбылыс па , болмаса табиғи құбылыс па , әлде психологиялық құбылыс па ? – деген сияқты мәселелер қарастырылады. .Ал тілдің мәні дегенде оның өзіндік сипаты мен атқаратын қызметі әңғімеленеді.

2) Тілдің құрылысы, яғни құрылымдық , жүйелік сипаттары , құрылымдық элементтердің бір –бірімен байланысы, ара қатынастары.

3) Тілдің таңбалық сипаты.

4) Дыбыс тілінің шығуы, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі- сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифферентациялық ( саралану , даралану ), интеграциялық ( топтасу , бірігу ) процестер , жалпы халықтық тіл, әдеби тіл, сөйлеу тілі  және диалекті және т.т.

5) Тілдердің типологиялық , генеологиялық топтарын яғни классификациясы

6) Тіл білімінің зерттеу әдістері , тәсілдері

7) Жазудың  пайда болу, даму жолдары

8 ) Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны. Міне , бұлар – бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бірінен –бірі туындайтын мәселелер .Бұл мәселелер – тіл білімінің өзіндік сипаты, ерекшелігі, зерттеу әдісі бар дербес ғылым екендігін танытады.

     ЖТБ жеке тіл білімдерінен бөлек тұрмайды. Ол сол жеке тіл білімдерінің тұжырымдарына негізделеді . Басқаша айтқанда, жеке тілдерді зерттеуден туған қорытындылар ЖТБ материал болады. Ал тіл білімінен жеке тілдерді зерттейтін саласы өз зерттеулеріне ЖТБ жасаған теориялық тұжырымдарға сүйенеді, соларды басшылыққа алады. Бұл – жеке тіл білімі мен ЖТБ бір-бірімен байланысты деген сөз.

...

Скачать:   txt (297.1 Kb)   pdf (583.2 Kb)   docx (103.2 Kb)  
Продолжить читать еще 91 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club