«Боранды бекет» немесе «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан алынған «Найман-Ана» үзіндісі
Автор: shyrailym.inayat • Январь 26, 2022 • Сочинение • 467 Слов (2 Страниц) • 763 Просмотры
«Боранды бекет» немесе «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан алынған «Найман-Ана» үзіндісі.
Шыңғыс Айтматов шығармалары әлемдік классика қатарынан орын алып, бүкіл түркі жұртының мақтанышына айналғаны баршамызға белгілі. Заңғар суреткерге қазақ бауырлары «Адамзаттың Айматовы» деп берген аты толықтай ақталған деп санаймын.
Негізінен мен «Ғасырдан да ұзақ күнді» романын толық оқыдым. Дегенмен оған деген қызығушылық мектеп қабырғасындағы бағдарлама бойынша алғаш оқыған “Найман-Ана” үзіндісінен басталды. Сол себепті сүйікті шығарманы «Найман ана» деп бөлек алдым.
Ел ауызында сақталып келген аңыздан шыққан “Найман-Ана” туындысында ерекше әсер қалдыратын – мифологиялық әлем бар. Үзінді экспозициясында Сарыөзек даласына шапқан жуан-жуан тайпасының тұтқындарын ақыл есінен айыру мақсатында басына түйенің көн терісін қаптап, “мәңгүрт” күйге түсіруі бейнеленген. Мәңгүрт ұлын құтқару үшін батыл Найман ана жаудың даласына аяқ басады.
Естеріңізге сала кетсем, шығарма осы жолдармен басталады “Ана-Бeйіттің өз тарихы барды. Атадан қалған аңыз бoйынша, әңгімe өткeн ғасырларда жуан-жуандардың Сарыөзeк даласын басып алуынан басталады."
Егерде тек үзінді негізінде қарастырар болсам, негізгі идеялар:
- жаугершілік заманда ананың қайсарлығы мен даналығын, балаға деген махаббатын көрсету. Найман-ана бейнесі арқылы аналық махаббаттың шексіздігін дәлелдеу.
- Жау қолында қалған жас қыршын ұл, оның көрген азапты өмірі арқылы тәуелсіздік үшін күрескен ата-баба ерлігін жастарға үлгі-өнеге етіп дәріптеу, мақтан тұту.
- Және соңғысы, жасанды мәңгүрт пен рухани мәңгүрт айырмашылықтарын көрсету.
Сіздер еске түсіру үшін мында композициясын қалдырдым.
Егер қазіргі күнмен салыстырар болсақ, шығармада жалпы адамзат болашағына төнген қауіп мәселесі көтерілген. Шыны керек, алғашында тек аңызды бөлек алып оқығандықтан, бұл мәселені басты етіп қарастырмадым. Дегенмен, романды толық оқығаннан кейін, Ш.Айтматовтың «Боранды бекетіндегі» ең өзекті мәселесі- адамзат баласының сана-сезімінің рухани мәңгүрттігі екенін түсіндім. Егер аңызда бала өзін туған анасын атып өлтіру адами жеке трагедия болса, «Ғасырдан да ұзақ күнде» бүтіндей бір халық, ұлт өзінің тегін, тілін, дінін ұмытып, мәңгүрттік ұлттық трагедияға айналды.
...