А. Мырзахмет «Жазушының қойын дәптерінен» пунктир-повесіндегі эпиграфтардың орны
Автор: Nigara Valibayeva • Декабрь 3, 2021 • Эссе • 293 Слов (2 Страниц) • 310 Просмотры
А. Мырзахмет «Жазушының қойын дәптерінен» пунктир-повесіндегі эпиграфтардың орны
Өте жақсы, қызықты сұрақ екен ☺ Әдетте, менің ойымша, шығармаларда эпиграф интригант рөлін немесе шығарманың қорытындысы, түйіні рөлін ойнайтындай боп көрінеді. Алмаз Мырзахметтің пунктир-повестінде қолданылған эпиграфтар айтылатын ойды дәлме-дәл суреттейтін керемет құрал болып берілген. Өзіме бұл еңбек қатты ұнады. Себебі автор дәл менің ішімде болатын сезімдерді, әр шығармадан соң келетін ойларымды сөздермен әдемі бейнелеген екен. Ал эпиграфтар сол қиялдан шыққан дүниені нық шегелеген. Тіпті сюжеттердің мазмұны ма дерсің.
1-бөлікте Джозеф Аддисонның «Трудно себе представить, что сталось бы с человеком, живи он в государстве, населенном литературными героями.» дегн сөзін келтіре отырып, адамның шығарманы оқып, оның ішіне ене отырып өзін мүгедек, мылқау сезінетін халін оңай түсіндірген. Расымен де кейіпкерлермен бірге тағдырын көре отырып, арасында ышқына айқайлағың, жүгіріп барып итеріп жібергің келетін, т.б. сәттер көп болады. Автор эпиграфпен де, шығармамен де сол сезімді қағазға бейнелі түрде түсіре алған.
Шекспирден алынған тағы бір эпиграф «Өмірдің өзі үлкен спекталь» 3-бөлікке жақсы үйлеседі. Бірақ шығармада автор өзін әсіре үлкейтіп жібергендей көрінді. Маған да өмірді спектакль деген ұстаныммен сүрген ұнайды. Бірақ бұл принцип бойынша, әркім өз қойылымында басты рөлді сомдайды. Бастапқыда ішімдегі сол ойлардың алдымда сайрап жатқанын көргенде қуанған едім. Ал Алмаз Мырзахметтің қиялы менікінен әлдеқайда кең екен. Басты рөлді барлығынде емес, тек өзіне бұйырған дейді.
...