Ахмет Байтұрсынұлы
Автор: Альфия Хасен • Март 10, 2022 • Доклад • 1,546 Слов (7 Страниц) • 398 Просмотры
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ СӨЗ ӨНЕРІ
Қызайбай А.
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық универсиететі
«6В01701 – қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығының 2 курс студенті
«Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады,
арық қазады, етік тігеді, арба істейді,
киіз басады, ыдыс істейді тағысын тағы
сол сияқты шаруаға керек нәрселерді жасайды.
Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там,
көркем сүгірет салады. Әдемі ән, әсерлі күй,
ажарлы сөз шығарады»
Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы. Сонымен бірге бойындағы аудармашылық, ақындық қасиетпен бірге, өз халқын сүйген патриот адам және ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы тілші ретінде танимыз. Және ғалым екендігін айтпасқа болмас. Ахмет Байтұрсынұлы өнер жайында, соның ішінде сөз өнері жайлы зерттеп жазған, сол бойынша тұжырымдамалар мен дәлелдемелерді көпшілікке ұсынған. Сондай кітаптарының бірі ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегі болып табылады.
Ахмет Байтұрсынұлының жазған тұжырымдамалары сөз өнерінің санқилылығы мен ерекшеліктерін, негізін, құрылымын танытады. Бұдан ғалымның сөз өнеріне асқан кірпияздықпен, талғаммен, сын көзбен назар аударғанын байқаумызға болады. Осы тұрғыда ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегі қазақ әдебиетінің жанрлық топтарын жіктеп берудегі даналығының жемісі деп айтқанымыз қате болмас. Осы кітапта сөз өнерінің адам санасында 3 негізге сүйенетіні айтылды. Олар: ақыл, қиял және көңіл. Еңбекте көрсетілгендей ақылдың ісі ұғыну, тану, ақылға салып ойлану сынды процестерде ұғындырылатынын айтады. Ал, қиял ісі – меңзеу, белгілі бір затты, тұрпатына бейнесіне қарай ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау ісімен көрсетілсе, көңіл ісінің түюмен, талғаумен анықталатынын баяндайды.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау»[1.242]. Бұл тұжырымнан тілді дұрыс жұмсай алатын адамның табылуы қиын екендігіне көз жеткізеді. Ойды ойлаған қалпында, қиялды меңзеген күйінде, көңілдің түйген күйінде жеткізілуі асқан шеберлік болып табылады.
Сөз өнерін қолданудың өзіндік белгілері болады. Және ол белгі әр адамның өзіндік басқаруымен, оңтайымен, ыңғайымен сөз тізуінен байқалады. Бұдан біз жеке тұлғаның өзіндік сөз тізу салты болатындығын аңғара аламыз. Алайда, сөз тізу салты болғандығымен оның өзіндік шарттарынан аса алмайтындығында айта кеткен жөн.
Аталған кітапта ғалым Ахмет Байтұрсынов сөз өнерін зерттеу барысында «сөз өнері деп, асылында нені айтамыз?» деген сұраққа жауап іздеген. Және осы сұрақтың жауабы ретінде көңілімізге түйгенді, меңзегенді, пікірімізді, қиялымызды, ойымызды дәл сол күйінде дәлдікпен жеткізе алғанымыз сол сөз өнері деп баға берген. Сөз өнерінің тысқа кестелі де қисынды шығуына баса назар аударғанын байқаумызға болады. Сонымен қатар сөзді талғау барысында оның дұрыстығына, тазалығына, анықтылығына, дәлдігіне, көрнекілігіне қарай сынға алған.
Ахмет Байтұрсынұлы «Сөз шығару өнерді қорек қылса, өнер ғылымды қорек қылады. Мұнан сөз өнерінің ғылымы туады» деген [2, 252]. Ғалым осы тұжырымды көпшілікке ұсына отырып, сөз өнері ғылымының екіге бөлінетіндігін жазған. Оның біріншісі шығарма түрінің ғылымы болса, екіншісі шығарманың тілінің ғылымы. Олардың айырмашылығы шығарма тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытатын болса, шығарма түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады.
Осы бойынша ғалым сөз өнеріне жоғары баға берген. Сөзді әсерлі құрастыруды одан әсерлі әңгіме шығаруды үй салу өнерімен салыстырған. Екеуін де де белгілі бір элементтерден құралатынын айтады. Үй салу топырақтан , балшықтан біріктіріп, илеп кірпіш құйып жасалынатынын айтады. Үйдің сапалы, жақсы шығуы топырақтан да кірпіштен де болуы мүмкін деген дәйектемесін келтірген болатын. Сол сияқты ұтымды да қонымды әңгіме шығаруда ең бастысы ол – сөз деп баға берген. Дыбыстан сөз жасалып екеуінің үйлесіп тауып, жаңа мағыналы, оқиғаға құрылуы шығарма тілінің дыбысынан екендігіне дәлел. Алайда, ғалымның сапалы кірпішпен үй соқсаң да, ойың жаман болса, үйің жақсы шықпайды деген түсініктемесінен, сөз өнері де дыбысқа байланысты әсерлі болады деп айта аламыз. Яғни, бұл тұрғыда айтылатын шығарманың көмейден шыққанда тыңдаушының құлағына жағымды естілуі үлкен рөл атқарады. Бірақ біз бұдан тек сапалы сөз бен дыбыстың ажырамас бөлшек екендігін түсінуімізге болады. Мәнісі зор, тиянақты оймен айтылған сөздің әдемі әуезбен шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлерінде болып табылады.
...