Ахмет Байтұрсынұлының
Автор: fariza_tileules • Сентябрь 19, 2019 • Реферат • 606 Слов (3 Страниц) • 768 Просмотры
Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы деп айтып кеткен қазақ даласының марғасқа ұлының туғанына да 147 жыл толды.Бір ғасырдан астам уақыт өтсе де ғазиз жанның атын ардақтап,аруағын ұлықтауда кешегімізге күйзеле оралып,келешекке толғана қараймыз.
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 147 жыл толуына арналған ғылыми конференцияда мемлекет қайраткері ,жазушы,ғалым Әбіш Кекілбайұлының «Ұстаз Ұлағаты» деп арнаған салтанатты сөзінің мәнісіне тереңнен бойлап,кескекті кезеңде келелі істер тындырған кемел ердің кемеңгерлігіне бір қанық болдық.
Жиырмасыншы ғасыр адамзатты елеңдетіп,елегіздіріп кеткен заман болды.Келелі дамуға ұмтылғысы келген,өз мүдделері үшін аянып қалмай жанталасқан қоғам азды көпке,әлсізді күштіге біржолата жығып беру арқылы жаһандық жарастыққа тезірек жетуге асықты.Жалпақ адамзат әлі түгел мойындап үлгермеген бұл ақиқат арасында қазақ қауымы да бір тұяқ серпері сөзсіз еді.Дәл осы тұста ұлттық төл элитаның көсемдерінің табылғаны таңданарлық жайт болды.Тәуелкелге бел байламақ түгілі оны ойлаудың өзі ақымақтық болған тұста ауыл мұғалімінің қалай жүрегі тұрғанына таңғаласың.Бұл жағынан келгенде Ахмет Байтұрсынов ұлы тарихымызда ешкіммен салыстыруға болматын ұлы тұлға.
Ахметті күрес жолына өзінің қайраткерлігіне қоса дәуірдің тарихи жағдайлары дайындады.Ол көрген өмірдің ауыртпашылықтары,патша өкіметінің отаршылдық қысымы ойлы жас бойындағы халықтық қасиеттерді оятты.Патша чиновниктерімен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып жер аударылуы,жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық –зомбылығы жас Ахметтің жүрегіне жара болып түсті.Осы жара ұлғая келе,оны күрес жолына дайындағаны да ақын өлеңдерінен көрінеді.
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Адамнан туып,адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?!
Азамат ақын сол дерттің халық басына түспеуін,одан азат болуды армандайды.Өлеңнен адамдық пен азаматтықтың туын жоғары ұстап,ел мүддеі үшін бар өмірін арнаған адамның биік идеалы танылады.
Ұлт болудың қазақша жолын бала түзеуден,бала оқытудан басталатындығын ертерек ұғынып,сол мақсатқа әрекеттенуде тынбай жұмыстар атқарды.Ұлт тізгіні ұлттың өзіне тимей тұрып,ұлттық даму жүзеге аспайтынына көзі жетті.Ендігі көзделген мақсат біреу,ол ұлттың оянуына жағдай жасау .Нені бастап,нені қолға алса да сол өзек күйдірген арманына жетуге асықты.
...