Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Апамның астауы» әңгімесінің негізгі кейіпкері – Бөкейдің апасы

Автор:   •  Апрель 23, 2018  •  Анализ книги  •  758 Слов (4 Страниц)  •  7,956 Просмотры

Страница 1 из 4

8 «Б» сынып оқусышы Рахманбекова Гүлмираның қазақ әдебиеті пәні бойынша Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесіне талдау жұмысы.

[pic 1]

  Оралхан Бөкей (28.09.1943, Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылы — 17.05.1993, Үндістан, Дели қаласы, Алматыда жерленген) — Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.

  Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесі – өзінің өмірінде болған сондай бір қызықты, қайталанбас, ұмытылмас сәттерінің бір бөлшегі сипатталып жазылады. Оралхан Бөкей  бұл шығармада өзіне ыстық болып кеткен ер мінезді апасы туралы сыр шертеді. Шығарманың негізгі идеясы – апаның, ананың ыстық махаббаты мен қайталанбас сезімі. Және оны ешкімге, ешнәрсеге айырбастай алмайтынын, айырбастауға болмайтынын жеткізу.

  «Апамның астауы» әңгімесінің негізгі кейіпкері – Бөкейдің апасы.

«Тегінде, ол кісі әңгімеге сараң – көп сөйлемейтін, тек өз ісімен ғана жүретін, қақ-соғы жоқ, инабатты жуас адам еді. Дүниеде өсек-аяң, қулық-сұмдықты білмейтін, не болмаса тірі пенденің бетіне «әй, сен сондайсың» деп қарамаған, немесе тірі пендеге тілі тимеген, жарықтық ораза-намазы бұзылмаған, таза да тәкаппар әйел еді. Иә, ол кісі тірі кезінде ешкім елеп-ескермеген, алтын қолды құдіретті әйел еді.», - деген әңгіме жолдарын оқи отыра, біз ол кісінің ер мінезді, ақылды да инабатты әйел жаны екенін көре аламыз. Міне, дәл осы қасиеттерінің арқасында ол – өз заманының ибалы да парасатты, үлгілі де көрікті әйел азаматшасы болғанына еш күмән келтіре алмаймыз.

Әңгіме желісін бес бөлімге бөлуге болады.

І – бөлім.

Менің апам – өз заманының ибалы да парасатты, үлгілі де көрікті әйел жаны.

ІІ – бөлім.

Апам екеуіміздің Қара жердегі аяғы құрттап, жүре алмай қалған қозыны алып қайтуымыз.

ІІІ – бөлім.

Менің апаммен бірге алғаш рет мал жанын, яғни сиырды бауыздауым.

ІV – бөлім.

«Қайран, сол бір, он сом..»

|V – бөлім.

Апамның өмірден өтуі.

Түсіндірме сөздік:                                                                                              Тоқал ағаш там – ертедегі шатырсыз үй.                                                           Келі – күріш, тарыны  ақтайтын , ұнтақтайтын құрал.                                     Астау – ағаштан жасалған ыдыс.

...

Скачать:   txt (7.6 Kb)   pdf (113.2 Kb)   docx (18.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club