Қозы Көрпеш пен Баян сұлу
Автор: Diana Raysova • Май 6, 2019 • Творческая работа • 4,758 Слов (20 Страниц) • 548 Просмотры
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу
Рөлдерде: әйел адамдар (Мақпал, Баян, Ай, Таңсық, Күнікей) 1 кимешек, 3 қазақ көйлектері, жауынгер қыздың киімі, 2 әжелер камзолы)
Ер адамдар (Қозы, Қодар, Қарабай, Жантық, Айдар, массовка 5 ер адам, Жарқын) 4 шапан, 1 шаруаның ұсқынсыз шапаны, 6 жауынгерлер киімі, ер адамдардың мәсісі 6, 2 метр мата)
Сахна 1
(Қарабайдың шошып оянуы, аттың кісінеуі)
Қарабай: Қой-қой-қой жануарым. Бұл мал Қарабайдыкы дегенге бұл жұрттың қызықпайтыны болсайшы. Тек талап алайын деп отыр. Түс көрсе менің жылқымнан басқаны көруді қойыпты бұл ел. Ел дейдіғой бұны да.
(Орнынан тұрып, артқы жаққа қарап, Жантықты шақырады)
Қарабай: Жантық, Жантық-ай?!
Жантық: Ау!
(Отыра қалып жерде, жерде жатқан, қой терісін жинайды)
Қарабай: Бері келші, бері. Жантықтан басқа пейілі түзу жан қалмады. Тек сүрінбе бей-бақ, сүрінсең біткенің.
(Жантық келеді, қолында дорбасы бар. Жерге отырады да дорбасын ақтарып отыра береді)
Қарабай: Жантық-ай шошып қалдым бұл елден.
(Жантық күліп)
Жантық: Һ-һ неге Қареке?
Қарабай: Бар болғыр жай болушы ма еді!
Жантық: Ұқпадымғой Қареке!
Қарабай: Әй, бері қарашы. Қарабай әуелі өзіне сенсе, өзінен гөрі мына саған сенеді білесіңғой!
Жантық: Ойй... Қареке айтып қайтесіз оны, білемғой.
Қарабай: Білсең бері кел.
(Жантық қасына жақындап келеді)
Қарабай: Отыр қасыма.
(Екеуі терінің екі жағынан созғылап, тартқылайды)
Қарабай: Мына бір түсімді жоры да. Түсіңде қалың қол көрген қалай болады екен?
Жантық: Түсіңдеғой әйтеуір!
(Қарабай Жантықты қолындағы терімен бір переді, Жантық құлап түседі)
Қарабай: Түсімде дағы!
(Жантық жүгіріп келіп отырады да)
Жантық: Қареке, Қареке?! Түсіңіз түс қой, бұл түсіңізді жоруға аузым бармай отыр. Қинамасаңыз қайтер екен Қареке.
Қарабай: Өзімде жақсылыққа жори алмап едім. Сен қайдан жориын деп едің.
(Осы кезде айқай-шу басталып кетеді. Екеуі сыртқа жүгіріп шығады. Сол кезле Жантық қолымен нұсқап)
Жантық: Мына мына тобырға көрініп тұрмаса болғаны. Зәрем жоқ осы тобырдан. Құртама деп қорқам.
(Қарабай ашулы түрмен Жантыққа қарап)
Қарабай: Жағың қарыссын, жағың қарысқыр.
(Қайтадан шу жаққа қарап)
Қарабай: Шыны осыған ұқсап тұрған соң амалың не. Айта бер. Баян деген жай сөз әшейін. Қанағаттанудың қамы.
Жантық: Олай демеңіз Қареке. Қызғантындары шынымен де Баян шығар, намыстарына шоқ түсіп кетпесе малға көз алартпас.
(Қарабай Жантыққа қарап)
Қарабай: Алартпас?! Баянды беріп көрші біреуге, күні ертең көріңді қазып, ие болсын малыңа, бұл жұрт ей, бұл жұрт қасқыр емеспе торып жүрген.
Жантық: Ой ақымақ басым-ай осындама еді бар бәлесі.
(Баянның орамалын ұстап алып, орамалына қарап тұрып)
Қарабай: Енді қалай деп едің! Әттең атына ғана мінгестіріп жібертпес пе едім, қызы құрығырды; алып қана жеті қабат жердің астына түсіріп қарасын өшіретін, біреу табыла қалса. О Құдай құдай жан беріп жаратқан, бер осы тілегімді.
(Осы кезде Жантық Қарабайдың қолындағы орамалды алып)
Жантық: Олай болса, олай болса Қареке ізде десең іздейік!
(Қарабай Жантықтың қолынан ұстап)
Қарабай: Оны тапсаң сен ғана табасың, ізде құтқар!
Жантық: Құтқарам Қареке!
(Жантық сахына сыртына жүгіріп шығып кетеді)
Қарабай: О Құдай, қыз бермедің қырсық бердің екенсіңғой. Бағып-қағып бір жапырағына тимеген малым ай, жат жұртқа бұйыратын. О Қарабай, берік бол Қарабай.
(Дейді де жантайып жата қалады)
2-САХНА
(Сол кезде сахнаға Күнекей мен Мақпал кіріп келеді)
Күнекей: Уа, көтер басыңды, аш көзіңді! Қареке. Мақпал келіпті әдейі іздеп.
...