Қарым-қатынас мәдениеті
Автор: aisanna1616 • Март 15, 2022 • Эссе • 525 Слов (3 Страниц) • 6,749 Просмотры
Орындаған: Өскенова Айсана, 210-топ
Қарым-қатынас мәдениеті (эссе)
Қарым-қатынас ұғымы - ғылыми терминде әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде түсіндірілгенімен, бірінші ретте бұл - адамдар арасындағы рухани бірлестік, адам өмірінде қажеттілігі жоғары дүниелердің бірі. Әлеуметтік қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, қоршаған ортамен, адамдар тобымен қатынас жасамау мүмкін емес. Сондықтан, менің түсінігімде, қарым-қатынас қоғамның негізін қалайтын бастапқы бөлшегі. Тіпті, біз байқамайтын вербальді емес атрибут түрлері де (қас қағу, басты шайқау, иекті қозғалту) қатынастың бөлігі болып табылады.
Жалпы қарым- қатынас тақырыбы ежелгі уақыттан қызығушылық байқатып, бірнеше психолог пен тіл мамандарының зерттеулерінде жарық көрген болатын. С.И. Ожегов сөздігінде қарым – қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы дәйектеледі. Сол жылдардан қазіргі заманға дейін бұл тақырып әлі де маңызы мен өзектілігін жоғалтпай отыр. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика сияқты, әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Л.П. Буева, М.С. Каган және т.б. қарым-қатынасқа философиялық тұрғыдан талдау жасайды және әрқайсысы ғылыми позицияларына сәйкес, қарым-қатынас пен іс-әрекеттің ерекшеліктеріне, өзара байланысына орай әр бағытта қарастырған.
Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс жағдайларына маншықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең және бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тындасақ та, дос жараңдармен сөйлесек те – осының бәрі – қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не болмаса жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы) не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Сонымен қатар, қарым-қатынасты орнату барысында адамның мінез-құлқын басқаруы, басқалармен тіл табыса білуі де маңызды. Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық және эмоция жағынан байыта түседі және қарым-қатынас үрдісінде адамдар бір-біріне ықпалына тигізеді. Ғылыми тілде бұл «Қарым-қатынас мәдениеті» деп аталады. Бұл ұғым сөздің кең мағынасында қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтиды. Бұған баяндау ырғағы, ым-ишара, сөйлеу сауаттылығы, сонымен қатар әңгімелесушіні тек сөйлеп қана қоймай, тыңдай білу де жатады.
...