Коммуникативті қарым – қатынас мәдениеті
Автор: k.irismatova • Март 1, 2023 • Лекция • 1,649 Слов (7 Страниц) • 516 Просмотры
4 дәріс тақырыбы: Коммуникативті қарым – қатынас мәдениеті
Жоспар:
1.Мәдениет түсінігі және мәні.
2.Коммуникативті қарым – қатынас мәдениеті мен жеке тұлғаның рухани мәдениеті құраушыларының өзара байланысы (этика, мораль, адамгершілік нормалары, эстетикалық идеалдар мен құндылық бағыттары, рухани сұраныстар).
3.Коммуникативті қарым –қатынас мәдениеті ерекшеліктері.
4.Вербальды мәдениеттің коммуникативті қарым – қатынас мәдениетіне ықпалы.
5.Семантикалық маңызды ақпарат және оның коммуникативті қарым – қатынас мәдениеті арқылы таралуын қамтамасыз ету.
6.Позитивті ойлау мен коммуникативті қарым – қатынас мәдениетінің өзара байланысы
7.Қарым – қатынас субъектілерінің мәдениет көрсеткіштері – тұлғаралық коммуникативті мәдениеттің негізгі бөлігі ретінде.
1.Мәдениет (арабша «маданият» -қала, қалалық; латынша -өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) - 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.). Мәдениет-адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан -мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. Мәдени ақпараттар- салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
2. Қарым- қатынастың коммуникативті жағының мәнін, мазмұны мен құрылысын қарастыра отырып, логикалық және контексті тұрғыда коммуникативті қарым- қатынас мәдениетінің аспектісін анықтауға мүмкіндік бар. Дегенмен мына секілді мәдениет феноменінің жалпы түсініктерін назарға алуға тиіспіз:
а) шығармашылық іс- әрекет амалы (тек қана «немен» емес, «қалай» жүзеге асады);
б) осы іс- әрекеттің жетілу дәрежесі, әрі қарай даму деңгейі (мұнда ең негізгі өлшем-шығармашылық;
в) осы іс -әрекеттің нәтижесі (артефакттар, мемдер, негізгі ойлар, рәміздер, кодтар); г)
г)нәтиженің гуманистік мазмұнының деңгейі «адамдарды жақсы көру, төзімділік, басқа біреудің абыройын құрметтеу; «өмір алдында қастерлеу» А.Швейцер).
Аталған аспектіден қарағанда қарым- қатынас коммуникативті мәдениеті ең алдымен оның құрылысы, сипаттамасы, тәсілі, нормасы және ережесі туралы білімді құрайды. Әрине бұл жағдайда, шын мәніндегі мәдени- коммуникативті қарым- қатынас әдеп нормаларына, моральға, ізгілікке сүйене отырып, жалпы қабылданған әдеп ережелері шеңберінде көрініс табады. Бұл жерде мына жағдайды да байқамау мүмкін емес: коммуникативті мәдениет коммуникацияның рухани аймағын құрастыратын тұлғадан, оның құндылық бағыттарынан, қажеттілігінен, ұмтылысынан тәуелді болып табылады. Ал аймақ болса, өз кезегінде табысты немесе табыссыз коммуникативті қарым -қатынастың өзегі болып табылатын «позитивті» немесе «позитивті емес» сананы қалыптастырады.
...