Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түсінік хат

Автор:   •  Октябрь 14, 2018  •  Реферат  •  2,331 Слов (10 Страниц)  •  2,971 Просмотры

Страница 1 из 10

                                             Түсінік хат

      Оқушыларды шешендік өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегелерін бойларына дарыту – басты мақсат.

       Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.3-сынып оқушылары әдебиеттік оқу пәніне негіздей отырып, көрген білгендерін көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады. Бұл жинақ әдебиеттік оқу  пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

        «Шешендік өнер» курсының бағдарламасы аптасына 1-сағаттан жылына 34 сағатты қамтиды.  Бағдарлама оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып жасалды. Сонымен бірге, бұл деңгейдегі оқушылардың «Әдебиеттік оқу» пәнінде жіберілген қателіктерді түзетіп, 3-сыныпта тереңдетіп оқытуға дайындау үшін «Шешендік өнер», «Сөйлеп үйренейік», «Тыңдауды, оқуды және жазуды үйренеміз», «Сыпайы қарым - қатынас», «Дұрыс сөйлеу», «Мәтін» деген бөлімдер қайта қарастырылып, біртіндеп күрделендіріледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  «Шешендік өнер» курсын оқытудың басты мақсаты:

 

Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты- оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамына тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға мұқтаждықтарын қалыптастыру.

 

«Шешендік өнер» курсын оқытудың басты міндеті:

 

 -оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

-шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын дамыту;

-шығарманың түпкі мазмұнын түсініп оқу;

-шығармадағы көркем бейнелердің ерекшелігін аша білу;

-ойын еркін жеткізу;

-өзіндік ой-пікірін айта білу;

Күтілетін нәтиже:

Сыни тұрғыда ойлай алатын  жеке тұлға қалыптастыру.

 Оқушылардың курсты меңгеру талаптары

Бағдарламаны жүзеге асыру стратегияларын оқушылардың меңгеруі тиіс. «Шешендік өнер» курсы бойынша қойылатын талаптар:


-шығарманы дұрыс ,түсініп, шапшаң мәнерлеп оқуды;
- мәтінді рөлге бөліп оқуды;
-өлеңді жатқа айтуды;
-алған білімдерін тиісті жерінде қолдана алуға бағытталған тапсырмаларды орындауды;
-оқушы өнімді әрекет жасауды(.Мысалы: өлең құрастыру, мәтін құрастыру, шығарманы сахналау, мазмұнды сурет салу);
-өз бетінше жұмыс жасай білуді;

 -өзін және өзгелерді бағалауды;

             Оқу  курсының тұжырымдық бөлімі

      «Шешендік өнер»  курсының бағдарламасы 3-сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатты қамтиды.

Бағдарлама  төмендегідей  7 бөлімнен тұрады:

1-бөлім. Шешендік өнер

      Шешендік  өнер туралы түсінік алады. Жақсылық пен жамандық. Сенің сөйлеу мүмкіндігің. Не мақсатпен? Не үшін? Деген тақырыптар қамтып, тапқырлықпен айтылған көркем тілімен жеткізілген сөздерді үйренеді.

2-бөлім. Сөйлеп үйренейік

    Ойланбай сөйлеу. Ойланып сөйлесу. Жаттап алмай еркін әңгімелесу. Қысқа да нұсқа сөйлесу деген тақырыптар аясында артық сөйлеп ағаттық жасамау туралы үйренеді.

...

Скачать:   txt (31.8 Kb)   pdf (339.1 Kb)   docx (769.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club