Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Практическая работа по "Культурологии"

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Практическая работа  •  1,186 Слов (5 Страниц)  •  285 Просмотры

Страница 1 из 5

1)Мәдениеттанумен барлық ғылым салалары айналысады. Олар: философия, дінтану, тарих, этнография, педагогика, антропология, этнопсихология, әлеуметтану, саясаттану т.б. Бұл ғылым салалары қоғамда болып жатқан процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал мәдениеттану тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның қоғамдағы рөлін көрсету басты белгісі болып табылады. Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын және салт-дәстүрін философия ғылымының ғана заңдылықтарына сай зерттеу тақырып аясын тарылтады.

«Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Ерте заманда еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта жайылымдық мал шаруашылығын жетілдіру негізінде қалыптасты. Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатады.

Еуразия даласын мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды. Көшпелілік көшпелілердің мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін шыңдаумен болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арканың теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдык жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу — мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді.

Көшпелілікке тән әрі тұрмыска қажетті алғашкы астрономиялық ғарыштық талғам-түсініктер орнықты. Көшпелі өмір салты жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкеліп, жас адамның ел-жұртқа жағымды моральдық-психологиялық нормаларын белгіледі. Қазіргі уақытта көшпеліліктің отырыкшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, мемлекеттік атрибуттары мен қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігі дәлелденіп отыр.

 

2)Мәдениеттің адамзат тарихындағы рөлін бір ауыз сөзбен – қоғам мен адамның тарихи дамуының деңгейі деген тұжырыммен түйіндеген дұрыс.Яғни , мәдениеті қаншалықты жоғары болса адам да , қоғам да соншалықты деңгейде жетілген , дамыған деп қорытынды жасауға болады . Адамзат баласы мәдениетінің дамуы ұзақ та күрделі кезеңдерден өтті , бүгіндері ол адам баласын Мәңiлiк өмірге бастап барады . Мәдениеттің алғашқы белгісі – ежелгі адамдардың діни наным - сенімдерінен көрінеді . Табиғат құбылыстарының себебін дұрыс түсіне алмаған тас дәуірінің адамдары әлдебір құдіреттің барлығына шек келтірмей сеніп , сол құдіретке табына бастады , құдайлар туралы аңыздарды ойлап шығарды . Адам санасы жетілген сайын мәдени өмірдегі өзгерістер де көбейе түсті , оның мазмұны байып , жаңа Сипатқа , жаңа түрге айнала бастады . Адам Өмірінің барлық жағын қамтитын мәдени көрсеткіштердің тізімі де арта түсті . Адам Сақ , үйсін , қаңлы , сармат , ғұн мәдениетінің жәдігерлері – ата баба қалдырған асыл мұра .

Сақтардың мәдениетіндегі «Аң стилі» б.з.б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу – аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері  дәстүрімен  сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты.

Сақтар  о дүниеде өмірдің жалғасы бар деп ұққан. Сондықтан да олар өлген адамды жерлеген кезде, онымен бірге тірі кезіндегі қызметші-күтушілері, ат, қару-жарақ, азық-түлік -бәрі қажет болады деп есептеп бірге көметін болған. Ер адам болса қару-жарақтары, әйел болсак әшекей бұйымдарын бірге көмген.

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (73 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club