Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті
Автор: Akzhan04 • Октябрь 3, 2022 • Реферат • 1,279 Слов (6 Страниц) • 1,886 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»
Кафедрасы «Қаржы»
Реферат
Тақырыбы: Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті
Орындаған:
Тексерген
Алматы, 2021 ж
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті Ұлы Жібек жолының қалыптасып дамуынан бастау алады, яғни Ұлы Жібек жолының ортағасырлық мәдениеттің дамуына қосқан өзіндік үлесі біздің тарихымыз үшін аса маңызды. Жалпы Ұлы Жібек жолының қалыптасып ортағасырлық мәдениетті дамытудағы рөліне тоқтала кететін болсам :
Ұлы жібек жолы – Қытайдың Ши-Ан деген жерінен бастау алып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу шығысқа баратын керуендік жол бағыты, батыс пен шығысты байланыстырушы . Ұлы жібек жолы – тек сауданы ғана дамытып қоймай, елдер арасындағы байланыстың жақсаруында, мәдениеті мен өркениетінің дамуында,экономикалық және мәдени құрылымының қалыптасуында ерекше маңызға ие болды. Керуен жолы өтетін бағыттардың бойында ірі сауда орталықтары мен қалалар пайда болды , музыка , әдебиет , жазу өнері дамыды . Атап айтатын болсам, Қазақстан аумағында алғашқы кезде 10 – нан астам қала болса, жол аумағы өткеннен кейін қалалар саны көбейіп 40 – тан асты ,кейін қалалар саны одан сайын көбейе түсті,сонымен қатар ортағасырлық Отырар ,Тараз қалалары сауда мен өркениеттің дамыған аймағына айналды.
Орталық Азиядағы ортағасырлық кезеңдегі музыка өнерінің дамуына тоқтала кететін болсам : Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын « Алпамыс , «Қобыланды» , « Қамбар батыр» , «Ер Тарғын» , «Едіге» , « Қырымның қырық батыры» , « Орақ – Мамай» және тағы басқа жырлар жазылып ел аумағында өзіндік маңызға ие болды. Дәл осы ортағасырлық кезеңде Сыпыра жырау , Асан қайғы , Қазтуған , Доспамбет , Шалкиіздердің өлең жырлары дүниеге келген . Осы жырлардың бәрінің маңызын сақтап қалған тек қазақ халқы болып табылады. Өйткені «Қазақ» атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау «Ноғайлы елі» деген атқа ие болды және оның құрамына қазақ халқы кірді.
Сонымен қатар ортағасырлық ноғайлы заманының музыкалық мұрасына «Ақсақ құлан» , «Жошы ханның жортуылы» , «Шора батыр» , «Әмір ақсақ», «Қамбар күйі» , Асан қайғының күйі «Ел айырылған» , Қазтуғанның « Сағыныш» сияқты күйлері жатады.
Ортағасырлық кезеңдегі жазба әдебиет мұраларының өзіндік маңызы ерекше . Себебі бұл жазба ескерткіштері тарихтың қайнар көзі болып табылады. Бұл жазба ескертіштерінің қатарына : «Диуани лұғат ат -түрік», «Диуани хикмет», «Құтадғу білік» жазбаларын жатқыза аламыз. Олардың әрқайсысына тоқтала кететін болсам :
« Диуани лұғат ат – түрік» шығармасы Махмұд Қашқаридың жазып қалдырған жазба ескерткіші . Бұл сөздікті тек тілтанулық құрал демей, сонымен қатар ортағасырлық түрік мәдениетінің озық өркениетке қосқан бір үлесі деп қарастырған жөн. Мұсылман әлемін баурап алған мәдениетке өзін әлемге таныту қажеттілігі туды. Оны Махмұд Қашқари өзінің теңдесі жоқ шығармасында жазып қалдырады. Бұл шығармада жазушының зерттеген мәселесі – түрік тайпаларының мәдениеті.Осы мақсатпен Махмұд Қашқари түркі әлемінің тайпаларының өмірін , салт-дәстүрін, шаруашылығын , тілдерін зерттеп шығады. Жазушы өзінің еңбегін жазудағы негізгі қалауы халықтардың тілін не болмаса шаруашылығын білмегенде емес керісінше олардың арасындағы айырмашылықты зерттеу, анықтау деп біледі. Жалпы бұл жазба ескерткішінің ортағасырлық мәдениет үшін орны бөлек.
«Диуани хикмет» шығармасы Қожа- Ахмет Яссауидің қалдырған жазба ескерткіші. Бұл шығармада сопылық ілім идеясы жыр етіледі және халықтардың өмірі мен өмір салты толық бейнеленеді. Ақсақ Темірдің Қожа-Ахмет Яссауиге тәнті болып оған арнап қалдырған ортағасырлық ескерткіші бар . Бұл ескерткіш ортағасырлық мәдениеттің негізгі мұраларының бірі болып табылады және ескерткіштің салыну тарихына тоқтала кететін болсам : Қожа- Ахмет Яссауи Пайғамбар жасына жеткен соң әрі қарай өмір сүру күнә деп санап өз байлығының барлығын қарапайым халыққа таратып беріп өз еркімен жер астындағы үңгірде өз өмірін әрі қарай жалғастырады. Ол кісінің бұл әрекетіне риза болған Ақсақ Темір Қожа – Ахмет Яссауиге арнап ғимарат салдыртады.
...