Мәдениет терминінің шығу тарихы
Автор: Madison03 • Февраль 15, 2023 • Реферат • 934 Слов (4 Страниц) • 273 Просмотры
СӨЖ. Мәдениет терминінің шығу тарихы.
Баяндама
«Мәдениет дегенiмiз не?» - деген сұраққа жауап беру үшiн бұл сөздiн этимологиясына, яғни осы бiр күрделі ұгымды білдіретін сөздің шығу тегiне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтын «маданият» - қала, қалалық деген сөзiнен енген. Бұл ортагасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсiнiкпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы-қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетiнi мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» карсы коюшылық. Көне заманда «культура» деген ұгым «жерді ендеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицерон нын енбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бул сөздің мағынасы терендеп, «жанды жетілдіру» деген ұгымды бiлдiрдi. Уакыт өткен сайын еуропалык тiлдерде мәдениет сөзi бiлiм беру», «даму», «кабiлеттiлiк», «курметтеу» сиякты магыналарга ие бола баста ды. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анык тамалар берілген:
а) мәдениет - белгілі бір халықтын кол жеткен табыстары мен шыгармашылыгынын жиынтыгы;
ә) мәдениет - адамзат қауымынын белгiлi бiр тарихи кеңістіктегі кызметi мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит микен мәдениетi, казак мәдениетi ж.т.б.;
б) мәдениет - адам дык әрекеттiн белгiлi бiр саласынын жетiлу деңгейi (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, кукык мәдениеті ж.т.б.);
в) агро мәдениет (дәндi өсiмдiктер мәдениеті, цитрустык мәдениет ж.т.б.).
Ал осы ұғымдардың iшiнде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өттi, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуiрi кезеңiне дейiн, басты құндылық - адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейiн -мәдениет» сөзi белгiлi бiр мойындалған термин ретiнде колданылмады. Демек, «мәдениет» ұғымы жердi жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсiмдiктер және жануарлар дүниесiмен, дәлірек айтқанда, егiншiлiк пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншiктi болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Бiлiмсiз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше бiлiм мен тәрбие барлық халықтар мәдениетiнiң қайнар көзі болып табылады.
Жаңа заманда (XVII-XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің көптеген теориялары өмiрге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетiн нақты түсiну және оған шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар агартушылық дәуірі - буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қоскан өз ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда - Толанд, Францияда - Вольтер мен Монтескье, Германияда - Лессинг, Гете, Шиллер және т.б.) дуние мен адамзат жөнiндегi ақиқатты айту құқығын дiннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсiздiгiн батыл қорғайды. Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы iлiмдi дамытуға мүмкіндік беретiн категорияларға сүйенді (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой). «Мәдениеттің классикалық үлгісі» ұгымы мәдениетті - адамзаттың тарихи дамуының нәтижесi, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен дәрежесі деп қарастырады.
Ортағасырлар мен қайта өрлеу дәуiрiнен бастап зерттеле бастаған көне заманның тарихи, философиялық, ғылыми және көркем әдебиетінен басқа, олардың назарынан археологиялық ескерткіштер, халық мәдениетiнiң шығармалары, саясатшылардың дүние жүзiнiң әр елдерi жөнiндегi суреттемелерi, түрлi тiлдер жайындағы мәлiметтерi тыс қалған жоқ. Осыншама бай фактілерді есепке ала отырып, ағартушылық дәуiрiнде адамзат мәдениетiн тұтастай қабылдауға талпыныс жасалынды. Мәдениеттiң мәнмағынасы табиғаттағы дүниежүзiлiк күштердiң (Құдай тағаланың құдіретін де ескергенде) батыл iс-әрекетінің нәтижесімен байланыстырылып, мәдениет - адамзат баласының қызметiнiң жемiсi деп есептелдi. Бiрақ сол кезеннiң өзiнде-ақ табиғат пен мәдениеттiң гармониялық бiрлiгiне шүбә келтiру, оларды бір-бiрiне қарсы кою сарыны байқала бастады (әсiресе, Жан Жак Руссоның еңбектерінде). Руссо сол кездiң өзiнде-ақ ғылым мен өнердiң адамдар табиғатын өзгерте алатынына күмән келтірді. Оның бұл көрегендігін бүгiнгi күнгi адамзат баласының тағдыры, яғни прогрестің кейбiр кайғылы iздерi, салдарлары айқын көрсетіп отырған сияқты. Руссо ғылым мен өнердің жандануы қоғамдық прогреске нұқсан келтіргендiгiн дәлелдеуге тырысты.
...