Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жарнаманың шығу тарихы

Автор:   •  Май 21, 2022  •  Контрольная работа  •  960 Слов (4 Страниц)  •  374 Просмотры

Страница 1 из 4
  1. Жарнаманың шығу тарихы

Жарнама ежелгі дәуірлерде пайда болды. Тауарларды таныстыру кезінде, хабар жеткізу қызметінде жарнаманың алар орны ерекше еді. Театр қойылымдары кезінде,спорт жарыстарында, жекпе жек сайыстарында алдын ала хабар тарату болған. Арнайы хабаршылар ауыл арасын аралап,  өнімдер мен қызмет түрлерін мақтайтын болған, қай жерде орналасқанын, сол тауарды сататын сатушыны айқайлап таныстырған.  Ежелгі римде қызмет түрлері мен өнімдер туралы ақпарат бар қабырға газеттері секілді ақпараттық альбомдар іле бастаған. Осы кезеңдерде тым қатты кеткен, мақтауы мен шектен шыққанжарнамаларға биліктен шектеу қойыла бастады, тіпті кейбіреулеріне жаза қолдана бастаған.

Ал, Еуропадағы жарнама брендердің пайда болуымен байланысты. Мысалы , сол уақытта қыш өндірушілер, мүсіншілер қолөнер жұмыстарын арнайы жекелеген белгілермен, стигмалармен белгілеген. Осы уақыттағы жарнамалар маңызды, материалдық, техникалық әдістермен жасалып, логикалық жеткізу арқасында тиімділігі арта бастады.

1450 жылы баспаханалар салынған соң, жарнаманы жеткізу, жасау түрлері дамыды.Түрлі баспа қағаздары, ел орталықтарында жарнамалық плакаттар жасала бастады. Бастапқыда тек мәтінмен ғана шығарылса, кейіннен әр түрлі түстер мен графиканы қолдану, суреттерді қосу әдетке айналды.

Англияда алғаш рет  баспа жарнамасы пайда болған соң, 1472 жылы Лондон шіркеуінде дұға кітаптары сатылатыны туралы жарнама шықты.

XVI ғасырларды суретпен, затпен сөйлейтін жарнамалар шықты. Оларға аяқ сататын дүкеннің үстінде үлкен аяқ киімді, шаш қиятын шаштараздың сыртқы жарнамасындағы қайшы бейнесін айта аламыз.

XVIIғасырдан бастап жарнама БАҚпен тікелей жұмыс жасай бастады. Парижде хабарландыруға арналған журнал сатылымға шықты, артынша жарнамаларды басып шығаратын баспахана ашылды. XVIII ғасырда барлық жарнамалар газеттер мен журнал беттерінде толып кетті.

XIX ғасырдан бастап қызметтер  мен тауарларды жылжытуға арналған газет тақырыптары көбейе бастады, газет, журнал шығарушы мерзімді басылымдардың қаржысы жарнама берушілермен толықты.  Ресейде алғаш рет жарнама агенттігі 1878 жылы Санкт-Петербургте ашылды. Тауар мен қызмет түрлерін тек жазып қана қоймай, оларға түрлі слогандар мен сөз тіркестерін, есте қаларлық ассоциациялар, ұрандар ойластыра бастады.Осы уақытта акциялар мен жаңа тауарларды таныстыру кезеңі басталды.

Кеңес үкіметі орнаған соң, пошта мен телеграфтартарда жарнама тарату ісін орталықтандырып, жүйелендіру басталған еді. Алайда, азаматтық соғыстың басталуымен бұл жұмыс жүзеге аспай, тоқтап қалды.

Сарапшылардың пікірінше кеңестік жарнаманы үш кезеңге бөліп қарастырсақ болады:

1917-1921 ж. ж. Жарнамалық материалдарды шығатын насихаттық жарнамалар,

1920 ж.ж. тауарлар жарнамасын шығару,

1930-1980 ж.ж. әлеуметтік бағыттағы жарнамалар.

Кеіес үкіметінде жарнама АҚШ елдеріндегі секілді еркін болған жоқ, ұлтқа бөлінушілік, алыпсатарлық деп айыпталды. Кез келген жеке тұлға жарнама бере алмады, тек мемлекеттік тапсырыс арқылы ғана жарнама жасалды.

Шетелдік тенденция мен трендерге еру жағынан кеңестік елдерде еркіндік болмады. Жарнамалық жоспарлау мен жүзеге асыру тек мемлекет тарапынан ғана жасалды.

Халықаралық жарнама

Халықаралық жарнаманы халықаралық компаниялардың маркетингтік қызметінің сәтті шығуы немесе шетелдік сатып алушылардың назарын аудардып,мақсатты аудиториядан реакция туғыза білген өнім туралы ақпарат таратуы деп айтсақ болады. Халықаралық жарнама өнімі креатив пен қызықты болуымен қатар, стандартталған болса, оған деген сұраныс пен абырой артады.

Халықаралық жарнама тарату ісіндегі  маркетингтік коммуникациялардың негізгі құралдарын айтар болсақ, бес негізгі элементтен тұрады: халықаралық жарнама, ынталандыру шаралары (промо акция), жұртшылықпен байланыс, жекелей сату, директ маркетинг.

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (80.6 Kb)   docx (217.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club