Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психопатологияның шығу тарихы

Автор:   •  Февраль 11, 2021  •  Реферат  •  1,697 Слов (7 Страниц)  •  732 Просмотры

Страница 1 из 7

1-тақырып. Психопатологияның шығу тарихы

Жоспары:

1. Психиатрия ғылымының тарихы

2. Ресей психиатрының тарихы

3. Қазақстандағы психиатрияның даму тарихы

            Психиатрия -  (грекше  PҺSYCҺE  жан ,TҺЕRАPIA – емдеу) – психикалық аурулардың шығу тегін патогенезін клиникасын емдеу мен аурудың алдын алуын зерттейтін ғылым, Психиатрия медициналық ғылым деп саналады.Медициналық    болудан бұрын психиатрия ұзақ және қиын даму жолынан өтті.Мұны психиатрия тарихын зерттегенде айқын көруге болады.Мұның себебі психиатрия әрбір дәуірдегі пәлсапалық көзқарастармен тығыз байланысты.Әрбір дәуірдегі пәлсапалық басым болуы психиатрияның дамуына әсер етіп,психикалық ауру адамдар әр түрлі көзбен қарады. Алғашқы қауымдағы адамдардың арасында психикалық аурулар болды деп болжам жасауға болады.Олар туралы біз көне грек және көне рим ғалымдарының еңбектерінен,мифологиядан   білеміз.Кейбір аңыздар бойынша көне заманда психикалық аурулар болды деп саналады.Мысалы,Спарта патшасы Клемоның өзінің кескелеп өлтіруі.Сирия патшасы Свенденің өгей шешесіне іштей ғашық болуы себебінен депресивті жағдайда болуы т.б.Көне заманның оқымыстылары мен дәрігерлері психиканы ми мен, жалпы материямен байланыстырды. Олардың ойы бойынша психикалық ауру адам денесінің төрт негізгі бөлігінің қарым-қатынасына байланысты. Олар; қан,шырыш,сары және қара өт.Ұлы математик Пифагор қояншықты мидың ауруымен түсіндірді.Оның түсіндіруі бойынша ақыл мида,сезім-жүректе.Гиппократтың ойы бойынша ми-білу және адамның ортаға бейімделу мүшесі.Ол жоғарғы нерв қызметінің әр түрлі типтерін ашты.Бірнеше ғасыр өткен соң, И.П.Павлов осы көрсетілген типтердің бар екендігін анықтады ( холерик, сангвинник,флегматик,меланхолик).Гиппократтан басқа көне заманның дәрігерлері (Гален,Аретей т.б) бірнеше психикалық өзгерістердін көріністері туралы жазды. Осы күнге дейін қолданылып жүрген  «мания», «меланхолик»,»эпилепция»(қояншық ауруы( атауларын солар қолданған.Біздің заманның /// ғасырынан бастап Рим және грек мемлекеттері құлап,ғылым мен медицина шіркеудін қарауында болды.Орта ғасырдың әсіресе оның ақырғы жүз жылдықтарында психиатрия дамымай,менеулеп қалды.Көне заманғы оқымыстылардың айтқан ақиқаттарын қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет болды.

             Шығыстың аса көрнекті ғалымы Абу--Әли-ибн-Сина (Авецина( психоздарды дәрілермен емдеумен бірге көңілдерін көтеріп,жұмыс істеп,өлең айтқызған жөн деп санаған.Оның айтуы бойынша миы шатасқан адамдарға үрей мен жалғыздық залалды болып саналады.Орта ғасырлардағы шығыс елдерінің жері қазіргі Самарқа мен Бұхарадан басталғанын еске алсақ,онда Абу-Әли-ибн-Синаның психикалық ауру адамдарға деген көзқарасы қазіргі Орта Азиия мен Қазақстан жеріне әсерін тигізді деп есептеуге болады . Батыс Европа елдерінде басқаларына қарағанда Германияда реакциялы бастаулар ұзақ өмір сүрді.Бұл елде Кант пен Гегельдің ойлары психиатрлардың жадында болды.Сандырақтың коптеген түрлері дәрігерде емделмей,пәлсапаның талқылауында болуы керек деп санайды Эммануил Кант.Бірнеше жылдың ішінде медицинаға қатысы жоқ адамдар психикалық аурулар туралы трактат жазып,сотта эксперт болып,ғылымда жан ауруы туралы сабақтар берді.Кант психикалық ауруларды түрлерге бөлді.Германияда бұл кезде ойдан шығарылған психиатрия басым болды.    

              Германияның идеалистік пәлсапаның  әсерінен «психиктер» деп аталатын мектеп пайда болды.Бұл мектептің уәкілдері психикалық аурулар адамның жеке басының кінәсінің,оның күнәхарлық өмірінің қортындысы деп санады.Осы көзқарастарға сай емдеу «тәсілдері» іріктеліп,ауру адамға кірген жын-шайтанды қуға бағытталған тәсілдер қолданылады.                                                                                                                          Көптеген «емдеу» әдістері ұсынылып,дәрігерлер осы әдістерге  сенген. Осы әдістердің ішінде орта ғасырлардағы инквизиция тәсілдерімен бәсекелескендері де болған.Ауру адамға бір мезетте әр түрлі емдеу түрлері ұсынылған.Ауру адамды аштықта ұстап ,клизма қойып,қанын ағызып,организмін нашарлататын терапия қолданылды.

...

Скачать:   txt (19.3 Kb)   pdf (95.8 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club