Гандбол ойынының шығу тарихы
Автор: Jadyra2585 • Январь 21, 2019 • Реферат • 387 Слов (2 Страниц) • 4,742 Просмотры
Жоспары
1. Кіріспе
2. Гандбол ойыны
3. Гандбол ойынының шығу тарихы
4. Пайдаланылған әдебиеттер
2. Гандбол ойыны
Гандбол - 7-ге 7 ойыншыдан ойналатын топтық ойын, допты қолмен ғана ойнайды. Ойынның басты мақсаты - мүмкіндігінше қарсылас топтың қақпасына көбірек доп лақтыру. Бұл спорт түрінің пайда болу уақыты 1898 жыл деп есептеледі, бұл спорт ойының дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен ойлап тапты. Ойын жабық алаңда өтеді, бұл алаң тіктөртбұрыш секілді болып келеді, және де бұл аланның ұзындығы 40м ал ені болса 20м. Гандбол добы таза теріден және синтетикалық материалдан жасалады. Ол домалақ және тайғанамайтын, жылтырап тұратын болмау қажет. Гандбол добының 3 өлшемі бар: 1) 8-12 жастағы балаларға арналған. Салмағы 290-330 г. 2) 12-16 жастағы балаларға арналған. Салмағы 325-375 г. 3) 16 жастан асқан адамдарға арналған. Салмағы 425-475 г.
1.Кіріспе
Допты қолмен ойнайтын ойын туралы Гомердің «Одиссей» поэмасында да айтылады. Сондай-ақ орта ғасырлардағы басқа да ақындардың туындыларында атап өтілген. Десек те, қазіргі гандбол ойынын ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында дат футболшылары ойлап тапқан. Дания футболшылары гандболды қыс мезгілдерінде ойнаған. Футболдан айырмашылығы: гандболды аяқпен емес, қолмен ойнайды және әрбір коман-даның сапында алты ойыншы, бір қақпашы болады. Халықаралық гандбол федерациясының бекітуінше, гандболдың нақты шыққан уақыты – 1898 жыл. Себебі дәл осы жылы Данияның Ордруп қаласындағы дене тәрбиесі училищесінің мұғалімі Хольгер Нильсен
...