Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Реферат  •  581 Слов (3 Страниц)  •  1,851 Просмотры

Страница 1 из 3

Тақырып 1. Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі

1.Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайлары көптүрлілігі

Мәдениет (лат.Cultura-өңдеу,егу сөзінен шыққан)-табиғат обьектісіндегі адамның іс-әрекетімен байланыстығы,адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейін жалпылық маңыз алды,адам жасағанды «мәдениет» деп атады.

Мәдениет-адам жасаған «екінші табиғат».

Мәдениет-жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі,адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы.Мәдениетке алғашқы берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Яғни,мәдениет пен табиғатты қарсы қоюшылық. Көне заманда култура-жер өңдеуді білдірген.
Кейін Цицерон еңбектерінде бұл сөздің мәні тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдіреді. Уақыт өте Еуропада «білім беру», «даму», «қабілет», «құрметтеу» деген мағынаға ие бола бастады.Мәдениеттану ғылымының қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алды.

Ал қазір:
-мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармалары жиынтығы
-мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи  кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшелігі
-мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі
-агро мәдениет

Мәдениеттің негізгі міндеттері:

  • Көндіктірушілік
  • Құндылықты нормативтік
  • Әлеуметтендіргіш
  • Ұйымдық реттегіш
  • Ізгілікті
  • Коммуникативті-ақпараттық


Мәдениеттану дамуындағы жеті кезең:

  1. Этнографиялық кезеңде (1800-1860) жазуға дейінгі кезеңнің этностық қауымдастықтары  зерттелді.
  2. Эволюциялық кезеңде (1860-1890 жылдардың ортасы) Э.Б.Тайлор еңбектері басшылыққа алынды.
  3. Тарихи кезең  (1890-1920) эмпириялық сипаттама енгізген Ф.Боастың қызметіне байланысты.
  4. Психологиялық кезеңде (1920-1950) М.Мид,Р.Бенедикт сияқты ғалымдар мәдени орта жағдайындағы жеке тұлға мінез-құлқын зерттеді.
  5. Құрылымдық-функционалдық кезеңге (1930-1950) мәдениеттің әр бөлігі өзінше қызмет атқаратын біртұтас нәрсе деп қарауға ұмтылыс тән болды.
  6. Жаңа эволюциялық кезең (1950-1980) классикалық эволюциянизмнің негізгі идеяларын өңдеген түрде қайта тудырды.
  7. Постструктурализмнің ерекшелігі (1980 жылдан бері) анықталмаған,тұрақсыз мәдени құбылыстарға көңіл бөлу болды.

2.Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну.
«Белгі» - сезіммен қабылданатын басқа бір зат,құбылыс,қатынастың өкілі түрінде көретін нәрсе. Ақпаратты қабылдау,сақтау және өңдеу беру үшін қолданады.
«Рәміз»-жалпы мағынасы өте кең. Сондықтан да біз рәміздің бірден екі қырын ажыратуға тиіспіз.
        -мәнін
        -мәннің түсіндірілуін  

Рәміз түрлері:

  1. Мифтік аңыз-әңгімелер
  2. Діни рәміздер
  3. Өнердегі рәміздер
  4. Саясаттағы рәміздер

Семиотика мәдениетінің негіздері,семиотика белгілер туралы ғылым. Семиотика-адам мен әлем арасындағы қарым-қатынас.
   Мәдениет семиотикасы-семиотика бөлімі,олар құрылып,өмір сүріп жатқан қауымдастықтардағы мәтіндік және символдық формалар қозғалысы мен өзгеру заңдылықтарын зерттейтін бөлімі.
 

"Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотика сының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады.

...

Скачать:   txt (10.1 Kb)   pdf (97.9 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club