Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдениет морфологиясы

Автор:   •  Апрель 5, 2023  •  Контрольная работа  •  29,547 Слов (119 Страниц)  •  183 Просмотры

Страница 1 из 119

Кіріспе. Мәдениет морфологиясы

1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы

2. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы

3. Материалдық және рухани мәдениет.

4. Мәдениет типологиясы

1. «Мәдениет дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап беру үшін, бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығуына тоқталуды жөн көрдік. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті. Мәдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқандар философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, ХҮІІІ ғасырға, яғни Ағартушылық кезеңіне дейін, басты құндылық – «адам мен оның ақыл ойы» деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайданылды.

Бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. «Мәдениет» ұғымы латынның «cultura» сөзiнен келiп шыққан, жерді жырту, топырақты өңдеу деген мағынаны бiлдiредi, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты қарастырылды. Гректер культура ұғымын «пайдея» - бала жетектеуші, білім беруші, ал римдіктер тәрбиеші, ұстаз мағынасында қолданған. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Араб тілінде «маданият» - қала деген мағынаны білдірді.  

Мәдениет ұғымы және оның мәні туралы ерте дәуірден бастап-ақ философтардың еңбектерінде көзқарастар қалыптасқан. Б.з.д. 45 жылы рим философы М. Цицерон «Тускулан әңгімелері» шығармасында мәдениет дегеніміз адам жанын рухани жетілдіру деп түсіндірген. «Мәдениет» түсінігінде адам өмірінің шығармашылық қызметі мен оның биологиялық формасының арасындағы айырмашылық жатады.

2. Тарихи тұжырымдарға сүйенсек, мәдениеттану жеке пән ретінде XІX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану - әлеуметтік-ғылыми және  гуманитарлық  білімдердің  тоғысында  қалыптасып келе жатқан, ғылымның салыстырмалы жас саласы. Мәдениеттану терминін ғылыми қолданысқа бірінші болып АҚШ мәдени антропологы Лесли Уайт енгізді. Ол өзінің "Мәдениет туралы ғылым", "Мәдениет эволюциясы" және "Мәдениет ұғымы" атты еңбектерінде мәдениеттану басқа қоғамдық немесе гуманитарлық ғылымдардан жоғары тұрып, олардың әмбебапты тұжырымдамасы болады деген пікір айтты. Ол мәдениеттануды, антропологиядан бөлініп  шыққан,    қоғамдық  ғылымдар кешеніндегі дербес ғылым ретінде қарастырады. Л.Уайт (1900-1975) өзінің «Мәдениет жайлы ғылым» (1949) атты кітабы арқылы көп еңбек сіңірді. Оның еңбегі мәдениеттің зерттеу пәнін анықтауда өте зор. Ол өзінің осы танымал еңбегінде мәдениеттанудың зерттеу объектілерін топтастыра келіп, үш жүйені бөліп көрсетеді. Олар: технологиялық, әлеуметтік және идеологиялық жүйелер. Оның біріншісі өндіріс құралдарын қамтып, адам мен табиғаттың өзара қатысын реттеуге бағытталған. Екіншісі адамдар арасындағы – экономикалық, адамгершіліктік, саяси қатынастарды құрайды. Үшінші жүйенің мазмұны идеялар, наным-сенімдер, аңыз-әпсаналар және білімдерден тұрады. Бұл жүйелердің ішіндегі бастысы ретінде алғашқы жүйені атап өтеді.

    А. Швейцер кезінде философияда мәдениеттің көп зерттелмегенін айта келе," мәдениетке көңіл бөлмесе, философияның өзі мәдениетсіздікке ұрынады " [5, 12 б.], — деген екен. Бұл тұжырым мәдениеттің қоғамдағы маңыздылығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге заман шындығын айта отырып, болашаққа жол нұсқайды. Осы жерде Швейцердің сөзіне сүйеніп, мәдениеттану пәні дамымаса, ұлттық мәдениеттің негізін оқымаған ұрпақ қана емес, бүкіл қоғамның өзі өркендемейді, үнемі рухани шектеуге ұшырап отырады деп сеніммен тұжырым жасауға болады.

...

Скачать:   txt (409.3 Kb)   pdf (725.9 Kb)   docx (341.5 Kb)  
Продолжить читать еще 118 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club