Аңыз
Автор: gafur2022 • Сентябрь 28, 2021 • Реферат • 3,610 Слов (15 Страниц) • 643 Просмотры
[pic 1]
[pic 2][pic 3]
Аңыз – фольклорлық прозаның ішіндегі ең тарихқа жақын жанр, ол кереметтіліктен ада десе де болады. Аңыздар әр кезде де туып отырады, сондықтан біздің фольклорда ежелгі заманда, сондай-ақ кейінгі уақыттарда пайда болған аңыздар қатар жүреді. Көркемдік сипаты мен шындыққа қатысы жағынан алғанда аңыздар екі түрге бөлінеді. Бірі – тарихи аңыздар, екіншісі мекендік (топонимикалық) аңыздар. Алғашқысында сюжеттің негізі – тарихи оқиға болады да, кейіпкерлер де көп жағдайда өмірде болған, ел тағдырында елеулі роль атқарған айтулы адамдар болып келеді. Топонимикалық аңызда, негізінен, белгілі бір жердің тарихы, оның солай аталу себебі әңгімеленеді. Мұнда да тарихи жәйттер кездеседі, бірақ олар басты мәнге ие емес, сол себепті топонимикалық аңызда қиял да (вымысел) орын алады. Баяндалатын оқиғалары мен бейнеленетін кейіпкерлеріне қарай тарихи аңыз бірнеше топ құрайды:
а) оғыз-қыпшақ заманының оқиғаларына байланысты аңыздар. Олардың біразы уақыт өте келе әпсанаға айналған;
ә) Алтын Орда дәуіріне қатысты аңыздар, олардың кейіпкерлері: Шыңғыс хан мен Жошы, Ақсақ Темір мен Едіге, т.б. Бұларда тарихилық басымырақ;
б) Қазақ хандығы тұсындағы оқиғаларды әңгімелейтін аңыздар, олардың басты қаһармандары;
в) XIX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты туған аңыздар, олардың кейіпкерлері;
г) XX ғасырда жасаған тарихи тұлғалар туралы аңыздар. Тарихи аңыз тобына шешендік сөздер де енеді. Олар мазмұнына және қаһармандарына қарай, негізінен, Қазақ хандығы тұсында және одан кейін де өмір сүрген билердің төрелік жүргізген даулы оқиғалары туралы әңгімелейтін тарихи аңыз болып табылады. Әрине, бұл аңыздарда халықтың өмірде осылай болса екен деген ой-арманы реалды шындықты әсірелей көрсетеді. Ал, мұның өзі, түптеп келгенде, фольклордың табиғатынан туындайтын қасиет екені белгілі.
Аңыз жанрының арғы түбірі сөз жоқ ежелгі ру-тайпалық қауым кезінде жатыр. Оның көмескі көрінісін рулардың шығу тегін баяндайтын шежірелер мен тайпалардың соғысы туралы әңгімелерден табуға болады. Аңыз жанры тарихи шындық, тарихи факт негізінде қалыптасады. Алайда, аңыз аясында тарихи факт әр дәуірдегі айтушылар мен тыңдаушылардың түсінік-пайымына, ұғымына сәйкес өзгереді. Рулар, тайпалар арасындағы дау-жанжал, ұрыс-соғыс туралы аңыздар ауызекі (ауызша) хроника іспеттес, онда шамамен болған оқиғаның мезгілі көрсетілуі мүмкін, сол оқиғаға қатысқан адамдар міндетті түрде аталады. Мұндай аңыздардың бейнелеу құралдары жұпыны ғана, ал дәріптеу мен көркем жинақтау мүмкіншілігі ертегі мен эпостан әлдеқайда аз. Рулар, тайпалар соғысы туралы аңыздар – батырлық ертегі мен қаһармандық эпостың тағы бір қайнар көзі. Аңыз өмірде болған елеулі оқиғалар, ертеректе өмір сүрген көрнекті адамдар және белгілі бір жер-су, мекен жайлы баяндайды. Сондықтан ел арасында аңыздағы айтылатын оқиғалар мен іс-әрекеттер ақиқат нәрсе деп қабылданған. Жұрт үшін аңыз – ертегі емес, онда көркемделген қиялдың, көркем шарттылықтың белгісі аз. Әрине, объективті түрде қарайтын болсақ, аңызда да қиял (вымесел) бар, бірақ ол ертегідегідей, я болмаса эпостағыдай көркемделмеген. Аңызда айтылатын хабар, оқиға еш күмән туғызбайды, өйткені оның түп негізі – тарихи шындық. Бұл біріншіден. Екіншіден, аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, я болмаса жыл мезгілі аталып отырады. Үшіншіден, аңыздың айтылу мәнері тұрақтанған, ол ылғи үшінші жақтан және өткен шақта баяндалады. Аңыздың түпкі мазмұны өмірдің танылған бір фактісі болып келеді. Әрине, ауыздан ауызға, біреуден біреуге айтылып жүргенде бұл фактінің кейбір детальдары, болмаса ол туралы жалпы хабар өзгеріске ұшырауы мүмкін, тіпті кейде жалған болып шығуы да ықтимал. Бірақ соның бәрінде де ол факті туралы хабар шын болып есептелінеді, өйткені дәстүр бойынша айтушы оны ғажайыпты нәрселермен түсіндіру керек деп ойламайды. Басқаша айтқанда, аңызда ешқандай кереметтілік, ғажайыптық сыр болмайды, өмірден тысқарғы фантастикалық кейіпкерлер көрінбейді.
...