1916 ұлт азаттық көтеріліс
Автор: 2830 • Август 29, 2021 • Реферат • 2,832 Слов (12 Страниц) • 852 Просмотры
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім.
1 Көтерілістің шығу себебі
2 Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы
3 Көтерілістің сипаты мен қозғаушы күштері
4 Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы. Көтеріліс орталықтары, олардың жетекшілері.
5 Көтеріліс Ақмола және Семей облыстарын қамтыды.
6 Көтерілістің Жетісудағы орталығы
7 Амангелді Имановтың көзқарастары
III Қорытынды
IV Пайдаланыған әдебиеттер
Кіріспе
Көтеріліс – бұқара халықтың немесе әлеуметтік саяси топтардың билік жүйесінің саяси, экономикалық саясатына қарсы наразылықтың бір түрі. Көтеріліске шеруге, шығу, толқу, жаппай бағынбау сияқты саяси наразылық сипатында өтеді. Ол наразылық білдірудің жоғары шегі бола тұра, қирату, тонау сияқты ұйымдаспаған әрекеттермен қатар, ұйымдасқан әскери көтеріліске ұласуы да мүмкін. Көтеріліс ұйымдасқан түрде жүргізілетін болса ғана нәтижелі аяқталып, төңкеріске ұласады. Қазақ сахарасында Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан дәстүрлі мемлекеттілік (хандық) жойылғаннан кейін көтерілістер екі түрлі сипат пен бағыт алды. Алғашқысына патшалық Ресейдің Қазақ хандығын әлсіретуіне және жоюына қарсы , кейінгісіне қазақ шаруаларының феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағытталған азаттық жолындағы көтерілістер жатады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолының тарихын талай қиындықтарды көреді. Солардың оқиғалардың ішінде ұлт-азаттық көтереілістер де болды. Қазақ халқы Ресейдің құрамында болған кездегі ең бір елеулі оқиғалардың бірі –ол 1916 жылғы қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт азаттық қозғалысы. Осы көтеріліс туралы қазіргі кезде зиялылар, ғалымдардың арасында пікірлер қалыптасып бара жатыр.
Академик Н.м. Дружиннің бұл көтеріліске байланысты айтқан мынандай пікірі бар: орыс патшалығының отарлау нәтижесінде жерлерінен айырылған бұқара халық өзінің экономикалық еркіндігі мен ұлттық тәуелсіздігі үшін күреске шықты. Халық бұл қозғалыста табандылық, ерлік және белсенділік танытты.(1)
Ал американ тарихшысы С.Кэреу былай деп жазды: «Орыстардың қазақ даласына тереңдей енуі есімі қазақ халқының жүрегінде осы күнге дейін сақталып, талай жырларда мадақталған 1916 жылғы көтерілісті туғызды».
«1916жылғы көтеріліс Кеңесары кезіндегі халық рухының қайта жандануы болды.»(2)
Академик Кеңес Нұрпейіс: 1916 жылғы көтеріліс –империялық зорлық зомбылыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың ең маңызды оқиғаларының біріне айналды. (3)
1.Көтерілістің шығу себебі
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
...