Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
Автор: ZHAHANGIR • Октябрь 11, 2021 • Контрольная работа • 3,239 Слов (13 Страниц) • 539 Просмотры
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі.
- ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандырудың қарқын алуы, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, қоныс аудара келгендерге жасалған қолдау.
Стольпиннің саясаты, шаруалардың қазақ даласына жаппай қоныстандырылуы аграрлық дағдарыстың ары қарай ұшығуына алып келді. Қоныстандыру саясатының нәтижесінде, патша үкіметі өзіне Қазақстанды отарлаушы құлактар тарапынан тірек тапты. 1910 жылдың күзінде патша үкіметі Сібір мен Қазақстанда кулак шаруашылықтарынң жеке биләгәне қоныс аударатын жер телімдерін бөлу туралы шешім қабылдады. Жыл сайын қоныс аударып келгендердің ішінен 40-110 отбасына дейін қазақ жеріне көшіп отырды. Қазақстардың жерсіз қалуы Қазаұстандағы жағдайдың ушығуына және ұлт-азаттық көтерілістің жаңа қарқынмен басталуына Стольпиннің аграрлыұһқ саясаты түрткі болды.
ХХ ғасырдың басында қазақ жеріне орыс украин қоныс аударушылары ағынның есебінен этностық үдерістердің сапалы өзгеруі орын алды. Қазақстарды құнарсыз шөлейт жерлерге көшірілуі өмір сүру жағдайының күрт нашарлауы, өазаөтардың табиғи өсімінің азаюына, тұрғылық емес жұртшылыұтың саны артуына алып келді. Қазақстардың саны, орыс украин халқынан басым болғанымен, өмір сүру жағдайы нашарлауы қазақтардың Орта Азияға көшуіне себеп болды. 1897 жылы Орта Азиядағы қазақтар саны 3 млн астам болса, 1911 жылы 4,7 млн көп болған.
Татарлардың саны әсіресе қалаларда көбейе түсіп, Қазақстанға мордва, эстон, поляк және басқа да ұлт өкілдері көшіп келе бастады. Халықтың елеулі бөлігін ұйғырлар мен дүнгендер құрады.
Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.
...